Білімге де инвестиция керек

Oinet.kz 31-10-2022 480

Screenshot_20.png

Биылғы оқу жылында қала мектептеріне 242 525 мың  оқушы барды.  Ал бірінші сыныпқа 28 мың оқушы қабылданып, былтырғы тиісті көрсеткішпен салыстырғанда 3 мыңға көбейген.  Бала санының өсуі қосымша білім беру ұйымдарына деген сұранысты арттырды. Білім саласындағы өзекті мәселені оңтайлы шешуге мемлекеттік-жекешелік әріптестік кең мүмкіндік ашты.

Жаңадан ашылған жекеменшік мектептер өз қызметінде мемлекеттік білім беру стандарттарын басшылыққа алады. Мемлекеттік стандартпен бекітілген білім беру үрдісі ақысыз негізде жүргізілсе, оқушының тұлғалық дамуына қызмет ететін үйірмелер ақылы негізде жұмыс жүргізеді. Осы талаптар бойынша өткен оқу жылында жекеменшік «Жас Дарын-2» бастауыш мектебі жұмысын бастаған еді. Мұнда 400 бала қазақ және орыс тіліндегі оқу сыныптарына қамтылған.

Мектептің материалдық-техникалық базасы заманауи үлгіде толықтырылып, смарттақталармен жабдықталған. Ғимаратта жабық спорт алаңы, хореграфия залы және асхана бөлмесі қаралған.

Білім ордасында ата-аналардың ыңғайына қарай ұзартылған күн тобы ұйымдастырылған. Мұнда оқушылар оқу және жазу техникасын меңгеруге дағдыланады, арифметикалық есептер шығаруға үйренеді.

Мектепте батуттық акробатика, көркем гимнастика, шахмат, көркем сурет, би өнері, ағылшын тілі және таэквондо үйірмелері жұмыс істейді. Оқушыларды тасымалдау қызметі ұйымдастырылған. Білім беру ұйымы Бәйдібек би даңғылы, №1320 үйде орналасқан. Білім сапасы мен педагогтардың дайындығын бақылау жекеменшік білім беру ұйымдарында мемлекеттік мектептермен бірдей тәртіпте жүргізіледі.

Айта кетейік, 2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп ашылады, оның 33-і мемлекет есебінен, 12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, 40 мектепті жеке инвесторлар есебінен салынады.

Мемлекеттік-жекешілік әріптестіктің  негізгі мақсаты - әлеуметтік нысандарға инвестициялар тарту болып табылады. МЖӘ дамыту орталығының жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

Бала тәрбиесі - болашаққа салынған инвестиция
Бастауыш мектептің мүмкіншілігі көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу