Экспортер-кәсіпорындар көбейген
Шымкент қаласында белсенді жұмыс істейтін 35 экспортер-кәсіпорын бар. Олар әсіресе, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Латвия, Ауғанстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдеріне түрлі тауарлар жөнелтеді. Негізінен мұнай өңдеу, машина жасау, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі және фармацевтика салаларында жұмыс істейді бұл кәсіпорындардың әлеуеті жоғары.
Экспортқа шығатын тауарларын пайыздық межемен айтатын болсақ, мысалы мұнай және мұнай өнімдері – 16,1 %, ұн – 13,4, портландцемент және цемент өнімдері – 11,3, мақта талшығы – 6,6, күнбағыс майы – 5,7, мұнай газдары – 4,6, тоқыма бұйымдары – 3,6 пайызды құрайды.
Ұлттық экономиканы шикізат экспортына тәуелділіктен арылту – мемлекеттік стратегиялық маңызға ие міндеттердің бірі. Тәуелсіздік жылдарында өзге өңірлермен қатар әсіресе, Шымкентте өнеркәсіпті өркендету, экономиканың нақты секторын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Өнеркәсіптің даму тендениясын негізгі 2 көрсеткішпен дәлелдеуге болады. Біріншіден, осы жылы Шымкент қаласында 666,4 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл ЖІӨ 25 % осы өнеркәсіп саласы құрап отыр дегенді білдереді. Екіншіден, Шымкентте 35 экспортер-кәсіпорын бар.
Бұл орайда біз алдымен – «Шымкентмай» акционерлік қоғамын атар едік. Негізгі өндірісі өсімдік майын шығару болған кәсіпорын бүгінде мақта майының қатарына біртіндеп күнбағыс майын, соя майы, мақсары және рапс майларын қосып отыр. Ал, майды физикалық өңдеу арқылы тазартылған май қышқылдарын алу, оны кір сабын жасауға пайдалану ісі жаңдана түскен. Компания 32 мың тонна өсімдік майы мен 6 800 тонна кір сабын шығарды. Оның ішкі нарық пен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және Түркияға экспортқа шығарған. Осылайша бұл кәсіпорын өз табысының 70,5 % экспортқа жөнелткен қаражы есебінен тауып отыр.
Шымкентте белсенді жұмыс істейтін 35 экспортер-кәсіпорынның 29-ы «2018-2022 жылдарға арналған «ҚР Ұлттық экспорттық стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасы асында қолдауға өтініш берген. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларға көмек көресту бойынша келісімдерге қол қойған. Бағдарламада өңделген тауарларды шығарумен айналысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қарастырылған.