Үшінші мегаполистегі орман алқабы флора мен фаунаға бай

Oinet.kz 29-10-2022 410

image.png

Шымкенттегі жасыл белдеудің көлемі 2235 га аумақты құрайды. Қоршаған ортаның өкпесі саналатын орман қорының аумағы 752 гектарға жетеді.  2024 жылға дейін қала маңындағы жасыл белдеудің жалпы көлемін 13 мың га дейін жеткізу жоспарланған. 

Халықты қолайсыз табиғи факторлардан қорғап, қоршаған ортаның ахуалын жақсартатын жасыл белдеу көлемін 13 мың га жеткізу үшін үшінші мегаполисте 

 «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ауқымды шаралар атқарылуда. Бұған  Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз үлесін қосып келеді. 

Шымқаланың жасыл белдеуі бойынша егілетін ағаш көшеттері солтүстік-шығыстан басталып, одан соң батысқа қарай бойлап, Түркістан мен Ташкентке бет алатын бағыттарды қамтиды дейді мекеме мамандары. Бұл аумақтар қалаға қарай жел соғып тұратын басты бағыттар. Түрлі жерлердегі жасыл белдеудің ені жердің рельефіне, жел бағытына, көлік логистикасына, елді мекендердің орналасуына байланысты 100 метрден екі километрге дейін жетеді. Шымкенттің жасыл белдеу аумағында күл, үйеңкі, терек, қарағаш отырғызылған. Бұл ағаш түрлерінің барлығы тез тамыр тартады. Алайда флора мен фауна пайда болу үшін әртүрлі ағаштар атап айтқанда, жабайы алма, өрік, күміс, тіпті бадам ағашын отырғызылады. Қазір жасыл орман алқабында қырғауылдар, түрлі құстар, қояндар, кірпі және т.б тіршілік иелері мекендейді.

 «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің техникасы жыл сайын толығып, жаңарылуда. Айталық өткен жылы 27 бірлік техника сатып алған. Бұл үшін бюджеттен 300 миллион теңге бөлінген. Арнайы техникалардың барлығы жасыл белдеуді қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жеңілдете түседі. Сонымен қатар,  аталған кәсіпорынға әкімдік алғаш рет жасыл желектерді суаруға арналған скважиналарды бұрғылауға арналған арнайы техника бөлген. Сондай-ақ, басқа мүмкіндігі жоқ жерлерде ағаштарды суару үшін шамамен бес су тасымалдайтын машина бөлген. Кәсіпорында орманшылар, көгалдандырушылар, агрономдар, барлығы 80 ге жуық адам жұмыс істейді. Маусымды кезеңде мекемедегі штат саны көбейеді.

Жасыл белдеу қаланы атмосфералық ахуалын жақсартып, оны дауылдан, шаңды желден қорғалуы үшін құрылған. Ол сонымен қатар қоршаған ортада ауа сапасын жақсарта түседі. 

«Жасыл белдеу» - қаланың өкпесі
Шымкенттегі тұқымбақ жылына 300 мың түп көшет өсіріп шығармақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу