«Шымсая» шатқалы жасыл желекке айналады

Oinet.kz 30-10-2022 743

Screenshot_14.png

Шымкент қаласында осыдан 5 жыл бұрын «Шатқал» бағдарламасы қабылданып, шеңберінде қала аумағында бірнеше шатқалдар ашылып, шаһардағы сай-салаларды көгалдандыру шаруасы қолға алынған болатын. Шатқалдарды жасыл желекке айналдыру үшін  жаппай көшеттер де егілген. 

Бүгінде сол шатқалдарға қайта «жан бітіп», санитарлық жұмыстары жүргізілуде. Ең бастысы шатқалдарға «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қайта ағаштар егу жұмыстары жандана бастады. 

Жақында Шымкент каласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының "Жасыл белдеу" КММ-сінің қызметкерлері 11 гектар аумақты алып жатқан «Шымсая» шатқалында ағаш егу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізді. Мекеме тарапынан ағаш отырғызу жұмыстарына 20 қызметкер, 3 трактор жұмылдырылып, ағаш егу орындары дайындалды. Бұл процесске басқарма басшысының өзі қатысып, жұмыс барысын толыққанды тексеруден өткізді.

Аталмыш шатқалда егілген 700-ге жуық ағашұа қазіргі таңда  басқарма мамандары күтіп-баптауда. Одан бөлек биылғы жылы онда 8378  түп көшет егілмек. Яғни таяу арада шатқал тағы да жас шыбықтарға толады деген сөз. Жалпы саны 120 мың ағаш егіледі деді салаға жауаптылар. Қазіргі таңда шатқалда көшет егуге арналған шұңқырларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. «Шымсаяға» терек, жиде, глядичия, жабайы өрік және айлант көшеттері отырғызылады. 

«Көшеттерді өзіміздің тұқымбақта өсіріліген, яғни жерсінген ағаштарды егеміз. Бюджеттен ақша кетіп жатқан  жоқ. Егілетін көшеттер Шымқаланың климатына өте жайлы, төзімді келеді. Әрі олар саялы болып келеді. Ал жабайы өріктің жемісі жеуге жарамды.  Сүйегі ащщы болғанымен, жемісі тәтті. Көшеттердің шығымдылығы жақсы болады деп отырмыз. Себебі шатқал қаладан ұзақ емес әрі маңында біздің ұңғымаларымыз бар. Көшеттерді суғару жағынан ешқандай қиындықтар туындамайды. Тек бір ғана мәселе, қазір біз шатқалды күзететін маман жалдауға бюджеттен қаражат сұратып жатырмыз. Себебі шатқалға бас-көз болатын қарауыл керек-ақ»,- дейді дейді Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы  көгалдандыру және орман шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сейітжанов. 

  Осылайша «Шымсая» шатқалы алдағы уақытта жап-жасыл желекке айналып, қаланың жасыл белдеуінің ұлғаюына септігін тигізбек. 

Тұрғындар да жауапкершілікті сезінуде
«Жасыл белдеу» - қаланың өкпесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу