«Нұрсәт» саябағында ағаштар саны еселене түспек

Oinet.kz 31-10-2022 503

image.png

Шымкенттің келбетін келісті етіп, әрін арттыратын– оның жайқалған жасыл желегі.  Сондықтан қазіргі таңда  Шымкентті «Жасыл қала» атандыру басты назарда.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бастау алғаны белгілі. Жоба аясында  қалада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5 жылда 5,5 миллион түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Ағаштар экологиялық жағдайды жақсартуда климатқа оң әсер етумен бірге, ауаны тазартуда және өзімізден кейінгі ұрпақтың саулығы үшін аса маңызды рөл атқарады.

Осы ретте Шымқалада ағаштардың «отаны» деп саябақтарды атауға болады. Себебі шаһар республикадағы ең саябағы көп қалалардың бірі.  

Қала тұрғындары мен қонақтарының көп баратын жерлерінің бірі - Нұрсәт саябағы. Бұл саябақ Назарбеков және Шаяхметов көшелерінің қиылысында орналасқан 5,7 гектар ауқымды құрайтын саябақ. Саябақ 1957 жылы құрылған. Қазіргі таңда Нұрсәт саябағында 91 дана орындық, 120 қоқыс жәшігі, 1 субұрқақ және 18 дана ескерткіш бар. Бұл саябақтың 46500 шаршы метрі аяқ жолдан құралса, 41500 шаршы метрі газон алаңынан құралған. Мұндағы жарық шамдар саны-119 дана.

Қазіргі таңда саябақтар мен гүлзарлардың тазалығын қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы қадағалап, мердігер мекемелердің атқарған жұмыстарын бақылап отырады. Жуып- шаю, сынған граниттерді жөндеу жұмыстары күнделікті атқарылуда.

Алдағы уақытта басқарма жоспары бойынша Нұрсәт саябағына 30 дана тікенді шырша, 22 дана жай жапырақты ағаштар отырғызылатын болады. Осылайша тұрғындардың сүйікті демалыс аймағына айналған саябақта ағаштар саны еселене  түспек. 

Айта кетейік, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы өкілдерінің мәліметінше, мекеме қарауында қазіргі таңда 9 саябақ пен 39 гүлзар бар. Атап айтқанда олар: Тәуелсіздік саябағы, Бәйдібек би этно-саябағы, дендрологиялық саябақ, Абай, Металлургтер, Орталық, Нұрсәт, Наурыз және Жеңіс саябағы. Қазіргі таңда басқарма тарапынан саябақтардың дамуын заманауи күйге келтіру мақсатында кешенді жоспар әзірленген. Бұған қоса саябақтар мен гүлзарларды күтіп-ұстау жұмыстарына және санитарлық тазалығына күнделікті бақылау жүргізіледі. 

Тұрғындарға сая болған саябақ
Тұрғындар да жауапкершілікті сезінуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу