Саябақтар мен гүлзарларға 4000 түп ағаш көшеттері отырғызылады

Oinet.kz 30-10-2022 531

Screenshot_13.png

Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасына сәйкес, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленген болатын. Жоба бойынша  2025 жылға қарай халықтың экологиялық өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейін 80 пайызға  дейін қамтамасыз ету және  елдің ормандылығына 5 пайызға дейін қол жеткізу көзделген.

Ал ұлттық жобаның «Табиғат» бағыты аясында ұласып өсуі кемінде 65 пайызды құрайтын 2 миллиард ағаш отырғызу, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру шараларын жүргізу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру көзделіп отыр. 

Шымкент – жасыл қала. Шаһарды көгалдандыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаладағы экологиялық жағдайды жақсартатын бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Негізгі басымдық көгалдандыруға берілген.  Әсіресе  Шымқаланың жасыл аймағының көлемін ұлғайтуға баса мән берілуде. Осы бағытта көктем-күзде қаланың әр аумағында мыңдаған көшет егіліп, саябақтарда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Осы ретте Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Орталық», «Абай", «Тәуелсіздік» саябақтарына және «Чернобыль», «А.Ақаров» атындағы гүлзарларларына 250 түп ағаш отырғызылуда. Олардың көпшілігі  қаланың климатына сай келетін: арша, туя және жай жапырақты ағаштары.

«Негізі көшеттер ерте көктемде және қара күзде, яғни ағаштар жапырағын төгіп, ұйқыға кеткен кезде егеміз.  Көктемен егілген ағаштың өнімділігі 50 де 50 пайызды құрайды. Себебі Шымқаланың көктемі тез ысиды, сондықтан оны жиі суағарып тұрмаса кеуіп кетеді. Ал күзде егілген ағаштың шығымдылығы жақсы болады. Өйткені бір-екі рет суғарғаннан кейін жаңбыр және қардың суымен тамыры тез өніп кетеді. Сол себепті біз көшеттердің басым көпшілігін қара күзде егеміз»,- дейді Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы  көгалдандыру және орман шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы  

Нұрсұлтан Сейітжанов. 

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта басқарма жоспары бойынша қала аумағындағы саябақтар мен гүлзарларға 4000 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр.

Каналдардың тазалығы басты назарда
Тұрғындарға сая болған саябақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу