Каналдардың тазалығы басты назарда
Шымкент қаласы аумағындағы күл-қоқыстар жауын-шашынның әсерінен канал бойына жиналып, судың өз деңгейінен тасып кету қауіпіне алып келеді. Осы ретте Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының қадағалауымен қазіргі таңда мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде қаланың ішіндегі өзендер мен каналдарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі деп танылған 122,3 шақырымды тазаланған. Және қаланың ішіндегі 97,7 шақырым 2 өзен мен 7 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Диваев, Желтоқсан, Ташенов көшелерінің бойымен өтетін "Жаңа шек" каналына, Темірлан тас жолындағы "Қошқар ата" және Жиделібайсын көшесіндегі "Қарасу" өзендеріне , "Қос Диірмен", "Ынтымақ" каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген.
Ал санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда жалпы тазалануға 24 канал («Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құралас», «Улух», «Улух-2», «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгір», «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «сай-Қарабастау», «Жаңа шек», «Шымкент», «Ынтымақ», «Компас», «Тоғыс», «Сасық») кірген.
Жауапты мердігер мекемесіне басқарма тарапынан тапсырма беріліп тазалау жұмыстарына күнделікті 40 қызметкер мен 4 камаз, 2 экскаватор жалпы саны 6 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде каналдар мен өзен бойлары 200 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды. Осыған орай қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары тұрғындар назарына каналдар мен өзендердің ластануының алдын алуға және қаламыздың көркейюіне өз үлестерін қосуға шақыруда.
Айта кетейік, аталған жұмыстар «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында атқарылуда. Президент Қ. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған жоба халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Ұлттық жоба 4 негізгі бағытты қамтиды. «Таза Қазақстан» атты бірінші бағыт атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Яғни еліміздегі су нысандарын сақтау және суды үнемді пайдалану есебінен өнімділікті арттыру үшін каналдардың жағдайын жақсарту міндеттелген.