«Жеңіс» саябағына 20 жай жапырақты ағаш отырғызылмақ
Халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған президенттің бастамасымен қабылданған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының «Табиғат» атты бағыты бар. Бұл бағыт аясында өсуі кемінде 65 пайызды құрайтын 2 миллиард ағаш отырғызу, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру шараларын жүргізу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру көзделген.
Жобаның міндеттерін іске асыру мақсатында үшінші мегаполисте ағаш отырғызу дәстүрге айналып келеді. Әсіресе саябақтардың жасыл желегін ұлғайтуға аса мән берілуде. Осы арқылы қаланың сәні кірсе, екіншіден шаһардың атмосферасын жақсарту көзделген.
Шымкенттегі «Жеңіс» саябағы 1945 жылы Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне ашылған. Саябақ аумағы 2 гектарды құрайды. 2012 жылы қалпына келтірілгеннен кейін саябақ жергілікті тұрғындардың серуенге арналған сүйікті орнына айналды. Сондай-ақ мұнда уақытты пайдалы өткізуге болатын спорт алаңы орнатылған.
Мұндағы орындықтар саны 41 дана , ағаштар саны 1120 , 4 дана бастырма және 84 дана жарықшамдар мен 3 дана қоқыс жәшіктері орналасқан . Осы алқаптың 18500 шаршы метрін аяқ жолдар, ал 14600 шаршы метрін газон алаңы құрайды.
Қазіргі таңда Жеңіс саябағының тазалығын, ұқыпты күтілуін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары қамтамасыз етіп отыр. 14600 шаршы метр газон орылып , 41 орындық сырланды. Саябақ әрдайым таза қалпында. Саябақ толықтай түнгі 00:00-ге дейін жарықтандырылған.
Алдағы уақытта басқарма жоспарында бұл саябаққа: 20 дана жай жапырақты ағаштар отырғызу көзделіп отыр.
Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы өкілдерінің мәліметінше, мекеме қарауында қазіргі таңда 9 саябақ пен 39 гүлзар және 2 аллея бар. Атап айтқанда олар: Тәуелсіздік сябағы, Бәйдібек би этно-саябағы, Абай, Металлургтер, Орталық, Нұрсәт, Наурыз, Жеңіс саябағы. Саябақтар мен гүлзарларды күтіп-ұстау жұмыстарына және санитарлық тазалығына күнделікті бақылау жүргізіледі.