«Менің атаулы ағашым» атты акция өтті

Oinet.kz 29-10-2022 745

Screenshot_15.png

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының базалық төртінші бағыты «Экология болашағы» деп аталады. Бұл - халықтың экологиялық білімі мен мәдение­тінің деңгейін арттыруға арналған. Яғни  табиғатты қорғау және экологиялық сақтау іс-шаралары мен сая­са­тын жүзеге асыру. Бұл бағыттың негізгі міндеті экологиялық аспектілерді ресми білім беру және ағарту жүйесіне біріктіру. Шымкент қаласында осы мақсатта   "Экология, өлкетану және туризм орталығы" құрылған. Мұнда оқушыларға қоршаған орта әлемін зерттеуге, қорғауға үйретеді.

Жақында аталмыш орталық пен  "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" және "Еңбекші аудан әкімдігінің" ұйымдастыруымен Шаңырақ мөлтек ауданында белгіленген көгалдандыру аумағында "Менің атаулы ағашым" атты акциясы өтті. Акцияға орталықтың оқушылары мен қала тұрғындары қатысып, Еңбекші ауданындағы №134-мектептің маңайына  ағаш көшеттері отырғызылды. 

Акцияның мақсаты: мектеп оқушыларының қоршаған ортаға, табиғатқа деген танымдық көзқарасын кеңейту, дене еңбегіне баулу арқылы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Тәрбиесі мол акцияға Еңбекші аудандық әкімшілігінің, Қосымша білім беру оқу салалық орталығының, Әдістемелік кабинеттің мамандары, «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері, Шымкент қаласы Дендросаябағының, Бадам орман шаруашылығының, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының, «Жасыл белдеу» мекемесінің қызметкерлері, қаламыздағы мектептердің оқушылары мен жетекші мұғалімдері, «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ нің өзін-өзі басқару бірлестігінің белсенділері мен еріктілер тобының мүшелері, үйірме білім алушылары және мекеме қызметкерлері, жалпы алғанда 200-ге жуық адам қатысты.

Акцияға қатысушылар белгіленген көгалдандыру орынына арша, бозарша, қарағай, каштан, шынар, талшын,  емен ағаштарының жалпы 420 түп көшетін отырғызып, табиғаттың қайта түлеуіне өз үлестерін қосты.

Акция кезінде қатысушылар ағаш егіп қана қоймай, оны күтіп-ұсатудың маңыздылығы, жалпы ағаштың қоршаған ортаға тигізер пайдасы туралы да мол ақпараттар берілді. 

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, арнайы дайындалған кофе-брейк беріліп, оқушылардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.


Шымкентте балық шаруашылығы дамып келеді
«Жеңіс» саябағына 20 жай жапырақты ағаш отырғызылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу