Мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлердің көкжиегін кеңейтуде

Oinet.kz 30-10-2022 545

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2025», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» секілділ  бағдарламалар  бүгінде Шымкент қаласының  тұрғындарына тың серпін беруде. Бұл бағдарламаның мақсаты өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және қызметтерімен толықтыру және импортты алмастыру, жалпы кәсіпкерлерді қолдау болып табылады. Аталған жобалар кәсіпкерлер үшін барынша қолжетімді. Үшінші мегаполистің  халқы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға үлкен қызығушылық білдіруде.

«Биылғы жылы 15,7 миллиард теңге кәсіпкерлікті қолдауға бағытталып отыр. Бөлінген қаржының  қазіргі таңда 11, 1 миллиард теңгесі толық кәсіпкерлердің еншісіне беріліп отыр. Бұл дегеніңіз 3 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілген деген сөз. Жыл соңына дейін  бөлінген қаржы тағы толық игеріледі»,- деді Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында. 

Басқарма басшысы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалардың орындалуына жеке-жеке тоқталып өтті. 

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде  ағымдағы жылға 1,5 миллиард теңге бөлінген. «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 1,3 миллиард теңгеге 129 жобаға шағын несиелер берілді. Жалпы 143 жобаға қаржы бөлінеді деп жоспарланған.  Несиелердің басым бөлігі сауда және қызмет көрсету салаларына беріліп отыр. Сондай-ақ қойма салу, денсаулық сақтау, білім және өнеркәсіп саласы бойынша да кәсіпкерлерге аталған бағдарлама бойынша көмек көрсетілді»,- дейді Береке Талғатұлы. 

Сондай-ақ  Шымкент қаласы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылға 9,4 миллиард теңге бөлінген.  Бүгінгі таңда, 2 760  жобаға 5,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетілген. 

Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылға 3,9 миллиард теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 81  жобаға 3,5 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді дейді басқарма басшысы. 

Тағы 5 индустриалды аймақ құрылады
Қалада тағы екі өндірістік парк ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу