Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі артқан

Oinet.kz 29-10-2022 637

image.png

Үшінші мегаполистің кәсіпорындары қарқынды жұмыс істеуде. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі де арта түскен. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен  2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы брифингте мәлімдеді. 

Басқарма басшысының айтуынша қазіргі таңда Шымқалада  жұмыс істеп тұрған 757  кәсіпорын бар. Оның 25-і ірі, 45-і орта, 682-сі шағын кәсіпорындар. Қаладағы кәсіпорындардың барлығының шығарып жатқан өнімдері, олардың сауда-саттығы, экспорты барлығы біздің басқарманың бақылауында, әрбір кәсіпорынға мониторинг жасап отырамыз дейді Береке Талғатұлы. 

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында аталған басқармаға белгіленген 6 нысаналы индикатордың есепті мерзімдегі қорытындысы бойынша: Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 590,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 8,1 пайызды құрап отыр. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар есепті кезеңде 43,5 мың тоннаны шығарды, бұл жылдық жоспардың 87 пайызын құрайды. Негізгі капиталға инвестицияларының 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда өсім 226,8 пайызды құрайды. Ал «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» көрсеткішін орындау мақсатында жыл соңына дейін 2 жобаны іске қосу жоспарланған. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі ағымдағы жылдың 6 айында 8,0  пайызды құраған. Бұл индикатор бойынша статистикалық деректер тоқсан сайын жарияланады, бір тоқсан кешігіп жүреді. Ағымдағы  жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіш – 7,2 пайызды құрады. Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысында бұл көрсеткіш 8,0 пайызды құрайды деп күтілуде.

Шымкент қаласының экономикалық дамуына тартылған инвестиция көлемі 20 пайызға артқан
Қалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері көбейген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу