«Металлург» саябағына 50 гектарға жуық арша отырғызылмақ
Шымкентте ауаның ластану көрсеткіші төмендеген. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда қаладағы атмосфераға тарайтын улы заттар мөлшері азайды, дейді ауаға мониторинг жасайтын мамандар. Негізінен Шымқалада ауаның ластануы өндіріс орындарымен байланысты. Қаладғы зауыттардан ауа қабатына шаң, газ, күкірт, көміртегі тотығы, азот диоксиді, формальдегид, аммиак, кадмий, мыс, мышьяк, қорғасын тарайды. Дегенмен, бұрынғы алып қорғасын зауыты жоқ. Екіншіден, өндіріс орындарының экология талаптарын орындауынан да қоршаған ортаға айтарлықтай залал келіп жатқан жоқ. Өндіріс ошақтарының орталығына айналып отырған қаланың экологиялық ахуалының жақсаруына шаһардағы жасыл желекке оранған саябақтардың септігі тиіп отырғаны анық.
Мегаполистің сәні болған - "Металлург" саябағы бар. Бұл саябақ Бірінші мамыр көшесі мен Ш.Қалдаяқов және Театральная көшелерінің қиылысында орналасқан. Саябақ жылдың кез келген мезгілінде көрікті. Саябақ 1957 жылы құрылып қазіргі таңда 5,7 гектар жерді алып жатыр. Мұндағы орындықтар саны - 59, қоқыс жәшіктері – 115,1 субұрқақ және 84 дана жарық шамдары бар. Ал аяқ жолдары 46500 шаршы метрді құраса, 41500 шаршы метрін газон алаңы алып жатыр. Мұнда ағаштардың жалпы саны 2092 гектарға жуық. Олардың ішінде ақ қайың, писсарда, және альбиция сынды ағаш түрлері көп кездеседі.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қадағалауымен қазіргі таңда бұл саябақта күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіліп, қураған ағаштардың орны толықтырылып, жаңа ағаштар отырғызылады. Бүгінде саябақтың басқарма тапсырмасымен 59 дана орындықтары сырланып, 41500 гектар шаршы метр газон алаңы орылды.
Алдағы уақытта қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының жоспары бойынша Металлург саябағына 50 гектарға жуық арша, 35 дана тікенді арша мен 40 жәй жапырақты ағаштар және 100 дана гүлді бұталар отырғызуды жоспарлап отыр.