7000 дана ағаш отырғызылды

Oinet.kz 19-10-2022 281

Screenshot_7.png

 Шымкент қаласының көрікті жерлерінің бірі 2001 жылы құрылған , 8,23 гектар жерді қамтитын саябақ бұл - Тәуелсіздік саябағы. Саябақ- Шымкент қаласы тұрғындарының сүйікті демалыс орны.

Бұл саябақтардан күн сайын су ағысын заманауи және классикалық ұлттық музыканың сүйемелдеуімен орындайтын ерекше субұрқақты көруге болады.

Бұл саябақ Қабанбай батыр көшесінде орналасқан. Саябағымызда 127 орындық және 4 бастырма, 230 жарықшамдар мен 122 дана қоқыс жәшіктері орналасқан. Тәуелсіздік саябағының 58000 шаршы метрін аяқ жолдар, ал 63500  шаршы метрін газон алып жатыр. Мұндағы ағаш саны-2650.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының тарапынан қазіргі таңда саябақтың тазалығы ,жөндеу жұмыстары мен күтіп ұсталынуы қадағаланып отыр. Қураған ағаштардың күтімі мен оларды қайта отырғызылуы және ескерткіштердің тазалығы қатаң түрде басқарма бақылауында.

Сонымен қатар басқарманың бастауымен 63500 шаршы метр газон алаңы орылып , 127 дана орындықтар сырланды. Алдағы уақытта саябаққа 10 арша ағашы, 40 дана жәй жапырақты ағаштар отырғызу жоспарланып отыр.

Жасыл желек жамылған бұл саябақтарға ат басын бұратындар көп. Өйткені, жаздың аптап ыстығында жанға сая. Тыныштықты жаны сүйетіндер үшін бой сергітіп, таза ауамен тыныстауға таптырмас орын. Жап-жасыл. Құстардың сайраған үні жаныңды сергітеді.Сондықтан өз болашағымыз үшін осы саябақтардың әрі қарай көркейе түсуіне баршамыз ат салысайық дейді басқарма мамандары.

Айта кетейік, қалада «Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына» қарасты 9 саябақ пен 39 гүлзарға 7000 дана ағаш отырғызылған. Ағымдағы жылы 4000 дана ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда гүлзарлар мен саябақтарға мердігер мекемелердің тарапынан тазалық және жөндеу жұмыстары жүргізіліп , басқармамен тиянақты қадағалануда.

«Этносаябаққа» арша егіледі
«Металлург» саябағына 50 гектарға жуық арша отырғызылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу