«Этносаябаққа» арша егіледі
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін байлық. Соңғы жылдары ауа қабатының қатты ластанғаны ғалымдарың бас ауруына айналған. Бұл экологиялық апатқа түрлі жағдайлар себеп болуда. Ауаның тазартудың ең тиімді әрі қарапайым тәсілі ағаш егу, ормандарды көбейту. Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі.
Бұл ретте Шымкент қаласы нәтижелі жұмыс істеуде. Оны қаладағы саябақтардың, ондағы жасыл желекті ағаштардың көптігінен байқауға болады.
Үшінші мегаполистегі «Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына» қарасты 9 саябақ пен 39 гүлзарға 7000 дана ағаш отырғызылған. Ағымдағы жылы 4000 дана ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда гүлзарлар мен саябақтарға мердігер мекемелердің тарапынан тазалық және жөндеу жұмыстары жүргізіліп , басқармамен тиянақты қадағалануда.
Бәйдібек би көшесінде орналасқан “Этно” саябақ қала тұрғындарының көптеп баратын саябақтарының бірі де бірегейі. Мұнда жаздың ыстық күндері тұрғындар ағаштардың аясында тынығуға барса, кешке жақын жастардың басы қосылып өзара жиналып, демалып қайтатын қаланың ерекше жерлерінің бірі. Қаланың биік нүктелерінің бірі болғандықтан қала көрінісі де айрықша.
Бұл саябақ 2015 жылы құрылып қазіргі таңда 42 гектар жерді алып жатыр. Мұндағы орындықтар саны 87 дана , ағаштар саны 13800 , 7 дана бастырма және 204 дана жарықшамдар мен 27 дана қоқыс жәшіктері орналасқан . Осы алқаптың 55439 шаршы метрін газон алаңы құрайды.
Қазіргі таңда Этно саябақтың тазалығын, ұқыпты күтілуін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары қамтамасыз етіп отыр. 55439 шаршы метр газон орылып , 87 орындық сырланған.
Алдағы уақытта басқарма жоспарында бұл саябаққа: 80 дана арша, 30 тікенді шырша, 200 жай жапырақты ағаштар отырғызу көзделіп отыр дейді салаға жауапты мамандар.