Саябақтар – қаланың «өкпесі»
Қазіргі таңда әлемдік экологияның жағдайы бүкіл жаһан жұртын алаңдатып отырғаны анық. Ондағы сын-қатерлерге қарсы тұру, күрделенген мәселені шешу барша адамзаттың ортақ шаруасы. Экологиялық мәселер қазіргі өзекті тақырыпқа айналып отыр. Мысалға алсақ: ауа, су, қоқыс,орман мәселелері, таңқаларлық жаңалық емес.
Ауа экологиясы мегаполистерде кең тараған мәселе, зауыттар мен жеңіл әрі ауыр көліктерден шығатын улы газдар, ауаның сапасын бұзып тұр. Мұндай жағдайлардың алдын алу, олармен күресу мақсатында елімізде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітіліген. Аталған жоба аясында Шымкент қаласында қазіргі таңда ауқымды шаралар атқарылуда.
Экологияны жақсартудың ең қарапайым әрі тиімді тәсілі ағаш егу, жасыл желекті ұлғайту. Осы мақсатта үшінші мегаполисте саябқатарда көшет егі жұмыстары қарқын алған. Шырайлы Шымқаламызға әсемдік сыйлап тұрған тағы бір саябағымыз ол- Орталық саябақ.
Саябақ - Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би және Қонаев даңғылы мен Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл саябақ 1925 жылы құрылып қазіргі таңда 8 гектар ауқымды алып жатыр. Орталық саябақта 103 орындық, 101 дана қоқыс жәшіктері, 1 ескерткіш және 192 жарық шамдары саябақтың көркін ашып тұр. Ал аяқ жолдары 48000 шаршы метрді құраса 43200 шаршы метрін газон алаңы алып жаттыр. Мұнда ағаштардың жалпы саны 2148 гектарға жуық.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қадағалауымен қазіргі таңда бұл саябақта күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіліп, қураған ағаштардың орны толықтырылып, жаңа ағаштар отырғызылады. Бүгінде саябақтың басқарма тапсырмасымен 103 дана орындықтары сырланып, 43200 гектар шаршы метр газон алаңы орылды.
Алдағы уақытта қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының жоспары бойынша Абай саябағына 10 гектарға жуық арша, 5 дана тікенді арша мен 20 жәй жапырақты ағаштар және 940 дана гүлді бұталар отырғызу жоспарлануда.