Балабақшасын кеңейтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны әзірледі.
Министрліктің мәліметінше, ұлттық жобада 4 түйінді бағыт бойынша 10 міндетті шешуге баса назар аударылмақ. Олар: кәсіпкерлік белсенділікті арттыру; кәсіпкерлердің өсуін ұлғайту; ешкім көп айналыса қоймаған қызмет пен тауар түрлерін қалыптастыру және бәсекелестікті кешенді дамыту.
Мамандардың айтуынша кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ұлттық жоба толығымен іске асырылса, мемлекет мынадай нәтижеге қол жеткізеді: ІЖӨ-дегі ШОБ үлесі 35 пайызға дейін ұлғаяды, 995,3 мың жұмыс орны құрылады; мемлекеттің экономикадағы үлесі 14 пайызға дейін төмендетіледі.
Ұлттық жоба аясында жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның бірі «Мен кәсіпкер боламын!».
Бағдарламасы аясында әйелдерге 56 бағыт бойынша қолдау көрсетіледі. Оған 21-58 жас аралығындағы әйелдермен қатар 21-29 жас аралығындағы жастар да қатысып, 5 миллион теңгеге дейінгі несие ала алады.
Аталмыш бағдарлама үшінші мегаполисте сәтті жүзеге асырылып келеді. Сала басшыларының мәліметінше үшінші мегаполисте 2025 жылға дейін «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарланған. Ал былтырғы жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде 21 жобаға несие берілген. Биыл да бағдарламаға қатысушылардың саны көп. Солардың ішінде Х.Жайлаубаеваның жолы болып, бизнесін кеңейтті. Ағымдағы жылы "Жас-Ерке "бөбекжай-бақшасы" ЖШС директоры Х.М. Жайлаубаева "Мен кәсіпкер боламын" арнай іс-шара жоспары бойынша қаржыландырылған Мониторингтік топ "жұмыс істеп тұрған балабақшаны кеңейту" нысаналы мақсатымен субсидиялау шартының жеңілдетілген 1% несие берудің талаптарын сақтау бойынша жоспарлы мониторинг жүргізді.
Бүгінгі таңда "Бөбекжай" жұмыс істейді, ас үйге қажетті жабдықтар сатып алынған, сондай-ақ балалар алаңы жабдықталған.