Қала тазалығына ат салысып жүр
Еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары басым бағыт ретінде бірінші кезекте кәсіпкерлерді қолдауға көңіл бөлінді. Күрделі кезеңнің қиындықтарына қарамастан, бизнестің дамуы мен қалыптасуына бағытталған алғышарттар осы кезеңде пайда бола бастады.
Көптеген мемлекеттің әл-ауқаты кәсіпкердің көптігімен өлшенеді. Өйткені кәсіпкер бар жерде ел экономикасы орнықты дамиды, жұмыссыздық азаяды, тауарлар мен қызмет көрсету сервисі артады. Елдегі табысты азаматтардың саны ұлғаяды. Қазақстанның ұстанған саясаты да осы.
Еліміздің үшінші мегаполисі кәсіпкерлік субъектілері көп аймақтың бірі. Әрине мұндай нәтижеге мемлекеттік бағдарламалар арқылы қол жеткізіліп отыр.
Шаһарда қазіргі таңда сәтті жүзеге асырылып отырған жобалардың бірі – «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы. Бағдарламаның басты мақсаты - жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдау.
Биылғы жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде қолдау көргеннің жанның бірі - жеке кәсіпкер Абрахманова Г. ("Clean City Life"). Ол арнай іс-шара жоспары бойынша қаржыландырылды. Мониторингтік топ нысаналы мақсатымен субсидиялау шартының жеңілдетілген 1 пайыз несие берудің талаптарын сақтау бойынша жоспарлы мониторинг жүргізді.
Бүгінгі таңда ЖК "Clean City Life" қала көшелерін қоқыстан тазарту үшін арнайы техника сатып алған, жұмыс жасап тұр.
Айта кетейік, «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады.
1. Жастар және әйелдер кәсіпкерлігіне 1 пайыз жеңілдікпен несие беру (Бұл ретте бағдарламаға 21-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер және 21-58 жас аралығындағы кәсіпкер әйелдер (ЖК немесе заңды тұлға) қатыса алатынын атап өткен жөн);
2. Шағын агрофермаларды ұйымдастыру үшін жер телімдерін беру;
3. Көше саудасы объектілеріне жер телімдерін беру;
4. Электрондық коммерцияны қаржылық ынталандыру;
5. Франшизаны қаржыландыру.
Сонымен қатар кәсіпкерлер заңгерлік, бухгалтерлік қызметтерді, бизнес-жоспарлауды, бизнесті сүйемелдеуді, "Атамекен" ӨКП қызметтерін, ХҚКО, РФ "Даму "КДҚ", кедендік қызметтерді, логистика және рұқсат беру құжаттары бойынша қызметтерді, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі басқармаларының қызметтерін ала алады.