Бағдарламаның шарапатын көрді

Oinet.kz 13-10-2022 220

image.png

Мемлекеттің бай-қуатты болуы деген не? Бұл – сол елде өмір сүріп жатқан әр адамның табысты болуы. Ал бизнеспен айналысу – әл-ауқатыңды жақсарту деген сөз. Еліміздің осы саланы дамытуға ерекше екпін түсіруі де сондықтан.

Жалпы, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер қатарына кіреді. Демек, бизнеспен шұғылданғысы келген, кәсібін ашуға оңтайланып жүр­ген азаматтарға ыңғайлы жағдай бар. Мұн­дай азаматтарды қолдауға арналған мем­лекеттік бағдарламалар да көптеп қабыл­данып жатыр. Бұрынғыдай жөн-жосықсыз тексерулерге тыйым салынды. Әкімшілік кедергілер азайды. Салық ауыртпалығы қысқарды. Кәсіпкерлерге берілетін жеңілдетілген кредит көбейді. Бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға қолбайлау болып отырған құқықтық нормалар да күшін жойып, ШОБ-ты реттеу «таза парақтан» басталмақшы. Ендігі мақсат – орта және шағын бизнестің үлесін арттырып, ел дамуын орнықтыра түсу.

Осы ретте Шымкент қаласында кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ерекше қолдау көрсетілуде. Айталық «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасымен қаншама тұрғын бүгінде кәсібін  дөңгелетіп отыр.  Солардың бірі  Ләззат Өмірбаева. Өткен  жылы жеке кәсіпкер "Мен кәсіпкер боламын" арнай іс-шара жоспары бойынша қаржыландырылған. Мониторингтік топ нысаналы мақсатымен субсидиялау шартының жеңілдетілген 1 пайыздық  несие берудің талаптарын сақтау бойынша жоспарлы мониторинг жүргізді.

Бүгінгі таңда ЖК "Умирбаева" киім бутиктерінің желісін ашты. Қазіргі таңда бизнесі алға басуда. Тауарға сұраныс жоғары деген кәсіпкер осындай қолдау көрсеткені үшін  сала мамандарына алғысын білдіріп, өзі секілді қыз-келіншектерге «жұмыс жоқ, қолдау жоқ» деп қарап отыра бермей әрекет етуді әрі мемлекеттің қолдауын қабыл алу керектігін айтты. 

Киім дүкенін кеңейтті
Қала тазалығына ат салысып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу