Киім дүкенін кеңейтті
Тәуелсіздік алғалы ел саясатының басым бағытының бірі бизнесті қолдау болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан – ТМД мемлекеттері арасында алғаш болып кәсіпкерлерге жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқан ел. Елбасы 1992 жылдың 5 мамырында Қазақстанда алғаш рет кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1992-1994 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады, шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңға қол қойылды. Осылайша, Тұңғыш Президенттің бастамасымен орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көбейіп, қолайлы жағдай жасала бастады. Кейінгі жылдары да бұл салаға айқын басымдық берілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында кәсіпкерлікті дамытудың тетіктерін көрсетіп беруде.
Миллионнан аса тұрығын бар Шымкент қаласы кәсіпкерлік үшін қолайлы шаһардың бірі. Әрі мұнда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қарқынды. Қазіргі таңда шаһарда «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Жоба аясында қаншама қала тұрғыны кәсібін ашып, өзіне де өзгеге де пацдасын тигізіп отыр.
Ағымдағы жылы “Shymkent” ӘКК “АҚ” Мен кәсіпкер боламын “ іс-шарасының арнайы жоспары бойынша басшы Қасқабаева Жамал Мұсақызы тұлғасында “Қасқабаева”ЖК қаржыландырылған Банк және Комплаенс қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, субсидиялау шартына жеңілдікті 1 пайыздық кредит берудің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда кәсіпкер “Медина” әйелдер киім дүкенін кеңейтті және оның бизнесі табысты дамып келеді.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте 2025 жылға дейін «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарланған. Ал былтырғы жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде 21 жобаға несие берілген.