Арманына қол жеткізді

Oinet.kz 13-10-2022 284

Screenshot_5.png

Трансформер. Тілге ауырлау келетін бұл терминді айтып үйрене беріңіз. Өйткені шымкенттік жас кәсіпкер  Асқар Амантай  жұмсақ жиһаздың осы бір креативті түрін жасауға кірісіп кетті. Бұрындары диванның еңсесі биік, отырғанда иық тұстан келетін. Бүгінде заман талабына сай, ықшамдалған, әмбебап-құрастырмалы жұмсақ жиһаздар сәнге айналды. Әлгі трансформер дегеніміз де осы. Отырсаң диван, жатсаң жатын жиһазына айналады.

Асқар Амантай «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсынан өтіп, жеке кәсібін ашты. 26 жастағы жігіт металл емес материалдарды лазерлік кесу мен ою аппаратын сатып алып, цех ашқан. Қолөнер, тігін, жарнама, жиһаз саласының мамандарына, гүл сататын және діни дүкендерге өз қызметін көрсетіп келеді.

Қазіргі таңда жиналмалы (трансформер) жер үстелді жасауды қолға алған. Оюмен өрнектеліп жасалған жиналмалы үстел әсіресе пәтерде тұратындарға ыңғайлы.

5 адамды жұмыспен қамтып отырған жас маман алдағы уақытта өз кәсібін дамытып, трансформер жиһаздардың түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр.

 «Негізі өзім оқушы кезімнен ағаштан түрлі бұйымдарды жасағанды жақсы көретінмін. Қолым бос кезінде ағаштан түрлі дүниелерді жасайтынмын. Міне, сол қызығушылық үлкен өмірге қадам басқанда өмірлік кәсібіме айналды. Шыны керек, өзімді басқа сала да елестете алмаймын. Менің арманымды жүзеге асыруға көмек берген жандарға алғыс айтамын. Мемлекеттің осындай керемет мүмкіндігін пайдаланып, өз армандарыңызды жүзеге асырыңыздар»,- дейді жас кәсіпкер. 

Бүгінде 5 адамды жұмыспен қамтып отырған жас маман алдағы уақытта кәсібін әрмен қарай дамытып, трансформер жиһаздардың түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар ол заманауи заттар мен бірге ұлттық құндылықты насихаттайтын, өскелең ұрпаққа өз тегінен дерек беретін шежіре тақтайшасын да жасайды. Кәсіпкердің сөзінше әр қазақтың төрінде қазақтың төрінде шежіре ілінсе, балалар бабаларын ұлықтап, жеті атасын біліп, жеті жұрттың қамын жеп өседі.

Ұлттық нақыштағы трансформер жиһазын жасайды
Киім дүкенін кеңейтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу