«Этносаябаққа» арша егіледі

Oinet.kz 11-10-2022 240

image.png

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы.  Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін байлық. Соңғы жылдары ауа қабатының қатты ластанғаны ғалымдарың бас ауруына айналған. Бұл экологиялық апатқа түрлі жағдайлар себеп болуда. Ауаның тазартудың ең тиімді әрі қарапайым тәсілі ағаш егу, ормандарды көбейту.   Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі.  

Бұл ретте Шымкент қаласы нәтижелі жұмыс істеуде. Оны қаладағы саябақтардың, ондағы жасыл желекті ағаштардың көптігінен байқауға болады.  Бәйдібек би көшесінде орналасқан “Этно” саябақ қала тұрғындарының көптеп баратын саябақтарының бірі де бірегейі. Мұнда жаздың ыстық күндері тұрғындар ағаштардың аясында тынығуға барса, кешке жақын жастардың басы қосылып өзара жиналып, демалып қайтатын қаланың ерекше жерлерінің бірі. Қаланың биік нүктелерінің бірі болғандықтан қала көрінісі де айрықша. 

Бұл саябақ

«Рахат-Шымкенттің» өндіріс ауқымы кең
Каналдар тазартылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу