Каналдар тазартылып жатыр
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 34 канал 2 өзен бар. Қазіргі таңда басқарманың қадағалауымен каналдар мен өзендерді механикалық тазалау жұмыстары күнделікті атқарылып жатыр.
Ұзындығы 97,7 шақырымды құрайтын 2 өзен («Қошқар ата» , «Қарасу»,) және 7 канал («Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек», «Шымкент», «Ынтымақ», «Компас», «Тоғыс», «Сасық») каналдардың тазалау жұмыстарын «Шымкент қаласының өзендері мен каналдарының арналарын механикаландырылған тазалау бойынша сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасына қосып, жалпы тазалануға 24 канал («Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құралас», «Улух», «Улух-2», «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгір», «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «сай-Қарабастау», «Жаңа шек», «Шымкент», «Ынтымақ», «Компас», «Тоғыс», «Сасық») мен 2 өзен («Қошқар ата», «Қарасу») жатқызылды.
Толстой көшесінің бойымен өтетін "Жаңа шек" каналының механикалық және санитарлық тазалау жұмыстары қазіргі таңда жалғасын табуда. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қадағалауымен мердігер мекеменің қызметкерлері каналдардың жауын суының жиналып қалу мүмкіндігі жоғары қауіпті аймақтардың барлық дерлік жерін қураған жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтардан тазалап шығуда.
Сондай-ақ соңғы бір аптада Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты "Жаңа шек" , "Бозарық" , "Чинат-1", "Ынтымақ", "Қос-диірмен" каналдарына және "Қошқар-ата" , "Қарасу", өзендеріне тазалау, ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, күз және қыс айларындағы жауын-шашын әсерінен судың канал мөлшерінен асып кетпеуінің алдын алу жағдайлары қарастырылды. Тазалау жұмыстарына күнделікті 40 қызметкер мен 4 камаз, 2 экскаватор жалпы саны 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде каналдар мен өзен бойлары 200 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды. Жайлы ортаны дамыту басқармасының жоспары бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін «Көк,Чумчак» каналдарының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда су беру науқанының аяқталуына байланысты каналдарда су тоқтатылды.
Осы ретте мамандар қала тұрғындарын каналдар мен өзендердің ластануының алдын алуға және қаламыздың көркейюіне үлес қосуға шақыруда.