Алып зауыттан экологияға келер зиян жоқ

Oinet.kz 17-10-2022 242

image.png

Қазақстан Республикасы жер қойнауында құнды металдары, мұнай-газымен әйгілі мемлекет. Кейбір сирек кездесетін металдар бойынша әлемнің көш басында еліміз тұр. Жер қойнауындағы байлықты игеру басында орта және ірі кәспорындар тұр. Өндірістік қалалар, өңдеу зауыттары ел экономикасының басымдыққа ие салалары. Алайда ірі өндірістің адамзатқа әкелетін пайдасымен қатар зияны да көп. Қазақстан өңіріндегі өндірістік қалалардың экологиясы құлдырап барады. Жергілікті халық та қоршаған ортаның ластануына наразы, балалардың денсаулығына алаңдайды. Үлкен зауыттар мен тау-кен ошақтарында ауаға бөлнетін ауыр, улы қалдықтар бөлінеді.

Шымкент қаласы аумағындағы өндіріс орындарының өкілдері қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып жатқанын айтады.

– Біз қазір  жоғары оқтанды К-4, К-5 бензинін шығарып жатырмыз. Жаңа технологиямен шығарылатын бұл жанаржағар майдың құрамында ауаға зиянды қоспалар аз, – дейді «ПетроҚазақстанойл Продакс» ЖШС қоғамдық байланыс демартаментінің менеджері Еркін Жұмаділ. Үшінші мегаполистегі мұнай өңдейтін ірі кәсіпорынға соңғы жылдары жаңғырту жұмыстары жүргізілгені мәлім. Жаңғырту жұмыстарынан кейін Шымкент мұнай өңдеу зауытында шикізатты ыдыстарға саңылаусыз құятын қондырғы іске қосылды. Сондай-ақ қуаты жылына 1,5 миллион тонна дизель отынын гидротазалайтын және жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылып жұмыс істей бастады. Кәсіпорындағы техникалық су қайта өңделіп, екінші мәрте түрлі мақсаттарға пайдаланылады. Жанар-жағармайды цистерналарға құю технологиясы толықтай герметикалық жолмен жүзеге асырылады. Айта кетейік, инновациялық тың технологиялар автоматты түрде басқарылады. Мамандардың айтуынша, бұдан былай ауа ластанбайды.  Жаңғыртудың тигізген үлкен пайдасы – қоршаған ортаға таралатын зиянды заттар азайған. Өйткені, зауытқа жұмсалған инвестицияның 10 пайызы экологияны жақсарту мақсатына бөлінген. Сондай-ақ  зауыт басшылығы ауа сапасын жақсарту үшін зауыттың  ауласына және жақын маңдағы елді-мекендердің айналасын жыл сайын  көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп және көшет отырғызуды әдетке айналдырған. 

Қоршаған ортаға көліктен келетін қауіп аз
Жаңа технология- экологияға көмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу