Жаңа технология- экологияға көмек

Oinet.kz 19-10-2022 455

image.png

Өнеркәсіптік орындар көптеген елдердің экономикасына пайда әкеледі, бірақ қоршаған ортаға әкелетін зияны да жоқ емес. Бүгінгі күні қоршаған ортаға теріс әсер ететін бірқатар өндіріс орындардары бар. Ең бастылары: металлургия, мұнай-химия, машина жасау және химиялық заттар саласы бойынша жұмыс жасайтын өндіріс ошақтары. Осы заттардың нәтижесінде атмосфераға көмірқышқыл газы мен күкіртті газдар, күл мен улы газдар шығарылады. Бұл элементтер ең алдымен атмосфераны, топырақ пен суды ластайды, флора мен фаунаға кері әсерін тигізеді. 

Алайда соңғы жылдары елімізде экология мәселесіне жіті көңіл аударылып, жаңа экологиялық кодекс қабылданып, «Жаңа Қазақстан» ұлттық жобасы қолға алынды. Алып кәсіпорындардың қоршаған ортаға зиянын азайту мақсатында  2025 жылдан бастап бірінші санаттағы жаңа кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсатқа көшеді. Яғни өндіріс орындарына қоршаған ортаға минимум зиян келтіретін технологияларды пайдалану міндеттелді. Мұндай кәсіпорындардың маңайында ауа таза болмақ. Ал жұмыс істеп тұрған нысандар 2021 жылдан бастап, ерікті түрде осы жүйеге өтуде.  Бұл талапты орындаған кәсіпорындар эмиссиялық төлемдерден босатылады. Кодекстің негізгі бағыты – бұл экологиялық құқықтық қарым-қатынасты реттеу. Бұл жерде бірінші жағынан азаматтар мен мемлекетіміздің мүддесі болса, екінші жағынан мемлекеттік мүддені, яғни бизнестің мүддесін ескеру болып саналады.

  Жүйел жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары Шымкент қаласында ауадағы зиянды заттардың нормадан тыс таралу проблемасы шешіліп келеді. Яғни ауа сапасы жақсаруда. Мұндай нәтижеге жетуге қаладағы зауыт, өндіріс орындары да өз үлестерін қосуда.  

Шымшаһардағы жылына 2 миллион тоннадан астам  цемент шығаратын «Стандарт Цемент» зауытының өкілдері зауытта цемент дайындаудың құрғақ әдісі заманауи технологиялардың күшімен қолға алынған дейді. Ол әдісте қоршаған ортаға зиян келмейді және энергия шығынын азайтады. Сонымен бірге, зияндылықты азайтуда шаң сүзгілерінің заманауи түрлері алмастырылып тұратын көрінеді. Және де кәсіпорын өкілдері  зауыт аумағына қылқан және жай жапырақты ағаштар отырғызылатынын атап өтуде.

Мамандардың айтуынша алып қаланың экологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстау қатаң бақылауда. 

Алып зауыттан экологияға келер зиян жоқ
Жол картасы экологиялық мәселелерді оңынан шешпек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу