Қоршаған ортаға көліктен келетін қауіп аз

Oinet.kz 15-10-2022 352

image.png

Дүниежүзілік банк сарапшылары келтірген мәліметке құлақ ассақ, 2050 жылға қарай әлемде автокөліктер саны 2 есе көбейеді. Алдағы 30 жылда кем де­ген­де 1,2 миллиард көлік сатылады деген жоспар бар. Әлемде темір тұлпарға сұра­ныстың артуы онсыз да күрделі экологиялық мәселені одан сайын ушық­тыратыны сөзсіз. 

Шымкентте тұрғындар саны артқан сайын автокөліктердің де саны соғұрлым артып келеді. Бұл жағдай қалада кептелісті ғана тудырмайды, сондай-ақ қоршаған орта мен ауаның ластауына алып келеді. 

Бүгінде көліктердің басым бөлігінің бензинмен жүретінін белгілі. Экологтар бір тонна бензин жанған кезде ауаға 800 келі зиянды қоспа бөлініп шығатынын айтады. Ал көлік қозғалтқышы этиль бензинімен жұмыс істесе, ауаға қорғасын тарап, топырақты бүлдіреді, нәтижесінде адам денсаулығына және жануарларға қауіп төнеді.

Қазір Шымқалада 2500 мыңға жуық жңіл автокөлік бар көрінеді. Ал алдағы жылдары миллионды халықтың жүріп-тұруына қажет көлік саны артады десек, шаһардың экологиясы қандай болмақ деген сауал туындайтыны сөзсіз. Ауа қабатына монторинг жасайтын мамандар соңғы уақытта шаһардың экологиясына көліктен келетін қауіп жоғын айтады. Оның бірінші себебі ескі көліктерді жою жобасының қоршаған ортаға тигізген пайдасы мол. Сондай-ақ, темір тұлпарлар бұрынғыдай емес, жанармайдың сапалы түріне көшкен және қоғамдық көліктердің жаңыртылуы да экологияға келетін зардапты азайтуға үлесін тигізіп жатқан көрінеді. «Соңғы жылдары қалада ауадағы зиянды заттардың нормадан тыс таралу проблемасы шешіліп келеді. Яғни ауа сапасы жақсаруда.  Біздің мамандар 4 бекеттен күніне 3 рет арнайы құрылғымен ауа температурасын, қысымын, құрамын өлшеп, нәтижесін стансаға алып келеді. Мұнда әкелінген соң сынамаға зертханада химиялық талдау жасалады. Егер ауа құрамында өзгерістер байқалса, тез арада эколог-мамандарды хабардар етеміз»,- дейді «Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының табиғи ортаның ластануына мониторинг зертханасының меңгерушісі Гүлнара Мәуленова. 

Оның айтуынша, метеорологиялық стансалар атмосфеараның ахуалын бақылауда ұстайтын қаладағы қажет деген нүктелерге салынған. Атап айтқанда, шаңды көп бөлетін «Шымкентцемент», Тассайдағы «Стандарт Цемент» ЖШС-і, ал айналасына улы газы тарайтын «Шымкент мұнай өңдеу зауыты» аумағы экологтардың жіті бақылауында.

Саябақтар – қаланың «өкпесі»
Алып зауыттан экологияға келер зиян жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу