«Қой баққан озар...»

Oinet.kz 09-10-2022 316

image.png

Қазақстанда кәсіп бастаймын деушілерге ерекше қолдау көрсетіліп келеді. Әсіресе мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейтуге ықпал етіп отыр.  Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, былтыр қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Ағымдағы  жылы жоба аясында республикада 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Аталған бағдарлама аясында кәсіпкерлікке бет бұрған жанның бірі шымкенттік Балзия Үсербаева.  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы көп балалы ана 2020 жылдың соңында «Бастау бизнес» курсын оқып, сертификат алады. Содан көп адам таңдай бермейтін мал бордақылау бағыты бойынша бизнес жоспары мен басқа да құжаттарын әзірлеп, қайтарымсыз мемлекеттік грант алу үшін қалалық жұмыспен қамту орталығына өткізеді. Арнайы комиссия үміткердің жоспарын қарап, оң бағасын берді. Нәтижесінде жерлесіміз 555 650 теңге (200 АЕК) көлеміндегі грантқа ие болды. Балзия Үсербаева бұл қаржыға 10 бас қозы сатып алып, бордақылауға кіріседі. Бүгінде көп балалы ана айына 3 қойдан сатып, пайдасын көріп келеді. Осылайша кәсібін бастап, тірлігін жүргізіп келіншектің бұл бастамасы көршілеріне де үлгі болады.

– Бала тәрбиесімен біраз уақыт үйде отырып қалдым. Бес баланың тәрбиесі, тамақтануы мен сабағы, оларды киіндіру сияқты күнделікті күйбеңмен жүріп, жұмыс істеуге мүмкіндік болмады. Ал олар жыл өткен сайын өсіп келеді. Балалардың жоқшылықтан қиналып өскенін елестетудің өзі қиын. Сондықтан бойда күш бар да оларды тарықтырмау – біздің ата-аналық парызымыз. Сол үшін жолдасымның бір айлығына қарап отырмай, өз кәсібімді ашуға бел будым, – дейді грант иегері.

Өніміне кепілдік береді
Айына 2 миллион шұлық өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу