Тұралап қалған кәсіпорынның тамырына «қан жүгірткен» бағдарлама

Oinet.kz 21-10-2022 303

image.png

Ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және, ең алдымен, халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын шығару үшін кәсіпкерлерге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Солардың бірі – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы Индустрия, инновация, инвестиция – экономика саласының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын күретамыры іспетті. 

Шымкентте «Alliance» жіп иіру фабрикасы 2019 жылы қайта іске қосылған болатын.  Көп жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған фабриканы қайта жандандыруға  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмасы негіз болды.  Фабрика жылына 5000 тонна мақта талшығын өңдеп, 4500 тонна иірімжіп өндіруге қауқарлы.  Оңтүстікте өндірілетін мақтаның барлығын толығымен Шымкент қаласында өңдеу – үшінші мегаполистің экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.  2020 жылы кәсіпорында 268 миллион 158 мың теңге көлемінде өнім өндірілген. Сонымен қатар, еліміздің аймақтарынан бөлек шетелдерге де жіп өнімдері экспортталып жатыр. Мәселен, Түркияға – 127 тонна, Ресейге – 40 тонна, Қытайға – 116 тонна және Румынияға – 13 тонна иірімжіп экспортталған. Бүгінгі таңда тігін фабрикасында 78 адам жұмыспен қамтылған. Бұл әрі Шымкент қаласындағы тұрғындарға жұмыс тауып берген жоба есебінде саналып отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылға 3,9 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 3,7 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, ал 0,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда 81  жобаға 3,5 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді дейді сала мамандары. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 77 жобаға 3,2 миллиард теңге; банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге  4 жобаға  300 миллион теңге.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы тұралап немесе жабылып қалған кәсіпорындарға 15 пайызбен несие беріп, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланды. Іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 5-6 пайызбен өтейді. Субсидиялау мерзімі инвестициялар үшін 7 жыл және айналым қаражатын толықтыруға — 3 жыл. 

Кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі?
Еліміздегі ең тиімді арнайы экономикалық аймақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу