Кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі?

Oinet.kz 09-10-2022 225

image.png

Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков  «Бизнестің жол картасы–2025» мемлекеттік бағдарламасын туралы толығырақ айтып берді. 

– Шымкент қаласында ағымдағы жылға 9,4 миллиард теңге бөлінді.  Бүгінгі таңда, 2 760  жобаға 5,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді.  Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 840 жобаға 4,5 миллиард теңге; банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 

886 жобаға  1,2 миллиард теңге;  мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 34 жобаға 170,0 миллион теңгеге қолдау көрсетілді, – деді Береке Талғатұлы. 

Басқарма басшысының айтуынша, әлеуметтік осал топқа жататын жандар жеке шотына бизнес жобасына сәйкес 10 пайыз қаржы құймайды. Яғни, оларға инновациялық талап қойылмайды. «Бизнестің жол картасы–2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін конкурсқа қатысушылар төмендегі құжаттарды өткізуі тиіс:

 1) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

2) Конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім; 

3) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 

4) Жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама; 

5) Өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама; 

6) Бизнес-жоспар; 

7) Кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі; 

8) Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат (қажет болған жағдайда); 

9) Берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда); 

10) Өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат. 

Айта кетейік, бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер Шымкент қаласындағы «Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесінде қабылданады.  

2 760 жобаға қолдау көрсетілді
Тұралап қалған кәсіпорынның тамырына «қан жүгірткен» бағдарлама
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу