2 760 жобаға қолдау көрсетілді

Oinet.kz 21-10-2022 250

image.png

Қазақстанда өзінің тиімділігін көрсеткен әрі халықтың сұарынсына ие болған жобалардың бірі  «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы. Еліміздің кәсіпкерлік саласының дамуына ат салысып отырған бағдарлама бойынша Шымкент қаласында ағымдағы жылға 9,4 миллиард теңге бөлінген.  Бүгінгі таңда, 2 760  жобаға 5,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетілген.  Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 840 жобаға 4,5 миллиард теңге; банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге  886 жобаға  1,2 миллиард теңге;  мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 34 жобаға 170,0 миллион теңгеге қолдау көрсетілген.

Бағдарлама бойынша кәсіпкер инвестициялық мақсаттарға - 20 миллион, айналым қаражатын толықтыруға - 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Несие мөлшерлемесінің тек 6 пайызын төлейді. Субсидиялау инвестициялық жобаларға - үш жылға, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларға - екі жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл ретте банк талап еткен кепілдіктің 85 пайыз мөлшерін «Даму» қоры арқылы беру қарастырылған.

 2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына бірнеше өзгерістер енген болатын. Мысалы үшін несие мөлшерлемесі 6 пайызға төмендетілді, субсидиялауға жататын несие көлемі 7 миллиард теңгеге дейін артты. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге аталған бағдарламаға қатысуға мүмкіндік ашқан. Соның нәтижесінде экономиканың әртүрлі секторында қызмет көрсететін шағын және орта бизнес пен өңдеу өнеркәсібінде табыс тауып жатқан ірі кәсіпорындар қаржылай қолдауға ие болуда. 

Үкіметтің шешімімен 2020 жылдың шілде айында да «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына тағы да өзгерістер енгізілген. Бұған сәйкес Бағдарламаның бірінші бағытындағы «моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елдімекен кәсіпкерлерінің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» туралы шарт алынып тасталды.  

Бірегей кәсіпорынның миссиясы жоғары
Кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу