Бірегей кәсіпорынның миссиясы жоғары

Oinet.kz 21-10-2022 299

image.png

Шымқалада мемлекеттің қолдауымен ашылған бірегей кәсіпорындар баршылық. Солардың бірі  «InPlast» полимерлік бұйымдар зауыты. Ол - итальяндық технология бойынша 30-дан астам, 150 литрден 20 000 литрге дейін тігіссіз пластикалық сыйымдылықтарды дайындайтын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Алдыңғы қатарлы өндірістік желі компанияға конвейерден жылына 15 000 бұйым шығаруға мүмкіндік береді.  

- «InPlast» пластикалық ыдысы тек ірі тапсырыс берушілердің ғана емес, сонымен қатар үй шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайын», – дейді кәсіпорын басшысы Гүлзана Сарымсақова. 

«InPlast» өнімі қазірдің өзінде «Ақ бұлақ» сумен жабдықтау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда пайдаланылуда. Енді орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ қалалар мен ауылдық жерлерде отандық өндірістің суына арналған пластикалық ыдыстар пайдаланылады. Сондай-ақ, пластикалық бактарды жылыжай шаруашылығында тамшылатып суару кезінде су жинау үшін және химикаттар дайындау үшін пайдаланады. «InPlast» бренді интерьердегі таңдаулы декор әуесқойлары үшін өз инновациясын ұсынады, экстерьерьер – жарқыраған кашпо (цветочницы), жарқыраған құмыралар, пластикалық жарқыраған шарлар. Кашпо полиэтиленнен жасалған, оның түбіне энергия шығыны бойынша үнемді жарық диодтары бар. Бұл жай ғана сәнді безендіру емес, бұл үй, ғимарат, сауда орталығы, мейрамхана, аллея және т. б. 

2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында Гүлзана кәсіпорын үшін айналым қаражатын толықтыруға 13,5 пайызбен несие алды, оның 5,4 пайыз «Даму» қоры субсидиялайды және несие сомасының 50 пайыз мөлшерінде кепілдік алған.  Жобаны «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржыландырды. 

Енді компания өндірілетін өнімнің ассортиментін 100 және одан да көп түрге дейін кеңейтуді көздеп отыр (балалар алаңдары, қоқыс контейнерлері, биотуалеттер және т.б.). Қазақстанның бизнес-картасында бұл кәсіпорынның пайда болуы экономиканы шикізаттық бағыттан өндірістік бағытқа көшіруге ұмтылған ел үшін бірегей. Жаңа технологияларды игеруден басқа, компания басқа да маңызды миссияны – тауарлардағы қазақстандық  үлесін арттыруды іске асырады.

Жылына 300 дана дизельді генератор өндіреді
2 760 жобаға қолдау көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу