Жылына 300 дана дизельді генератор өндіреді

Oinet.kz 21-10-2022 300

image.png

Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылып, бағдарламалар жасалады. Мәселен, шағын және орта бизнес қайтарымсыз грант алуға болады. Сондай бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы. Қазіргі таңда аталмыш жоба жалғасын тауып 2025 жылға дейін ұзартылды. Осы жоба аясында Шымкент қаласында қаншама кәсіпкерлер қолдау көріп, бизнесін жандандырды.

Кәсіп түбі – нәсіп демекші, бүгінде үшінші мегаполисте еңбекқор халық көп. Олар темірден түйін түйіп, екі қолға бір күрек ұстап жүргендер. Сол себепті еліміздің кәсіпкерлік саласының дамуынаөз үлесін қосуда. 

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» ЖШС-ы орналасқан. Онда жылына 300 дана дизельді генератор өндіріледі. Жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асқан. Құны - 300 миллион теңгені құрайды. Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  Өнімнің 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған 30 пайызы Өзбекстан еліне экспортталады. 

 Кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген болатын.  

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы үш негізгі бағыттан тұрады: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау;   өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге / индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне салалық қолдау экономиканың басым секторлары;  кәсіпкерлікті қолдау үшін қаржылық емес шараларды ұсыну. Бағдарламаға қатыса алатын тұлғалар:  шағын кәсіп иесі, оның ішінде кәсібін енді бастаушылар мен жас бизнесмендер; әйелдер; мүгедектігі бар азаматтар; 50 жастан асқан азаматтар.

«NURTAU distribution company» - бәсекеге қабілетті компания
Бірегей кәсіпорынның миссиясы жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу