Еліміздегі мозаика өндіретін жалғыз кәсіпорын Шымқалада
Қазіргі таңда еден, қабырға мен бассейн және субұрқақтарды әрлеу үшін кеңінен қолданылып жүрген мозаика ежелгі дәуірден осы кезеңге дейін ғимараттың қабырғалаларын безендіруде өзектілігін жоғалтпаған технология. Ал еліміздегі ең сапалы мозаика өндіретін «Гидрострой Шымкент Групп» компаниясы Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индистустриалдық аймағында орналасқан. 2018 жылы өз жұмысын бастаған өндіріс орнында қазіргі таңда 33 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған. Тек отандық шикізат қолданылатын кәсіпорын жылына 70 мың шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. Бұл жерде өндірілген шыны мозаикалары сапасы мен қолдану оңтайлылығының арқасында ішкі нарықта ғана емес шетелде де сұранысқа ие.
«Біздің бассейн, субұрқақтарды әрлейтін бригадамыз болды. Олар осы шыныдан жасалған мозайкаларды қолданатын. Мозайкалардың қалай, неден жасалатыны өзіме де қызық болды. Құрылыс барысында Испания, Қытай, Түркияда шығарылған әртүрлі мозайкаларды пайдаланамыз. Ол елдерден материалдарды тасымалдау көп уақыт алатындықтан және кейде бағасы да тиімді болмайтындықтан мұның шешімін табуымыз керек болды. Сондықтан біз мозайканы да өзіміз шығарып тапсырыстарымызды қамтамасыз етпек болдық.
Идея осыдан 15 жыл бұрын ойымызға келген. Осылайша уақыт өте келе өз кәсіпорнымызды аштық. «GIDROSTROY GLASS MOSAIC» бренді елімізде ең алғаш өндірілген шыны мозайкасы. Сонымен бірге, сапасы жағынан да бірегей өнім. Біз түрлі нарыққа сай келетін жаңа тәсілдер бойынша инновациялық даму жолымен келеміз. Күн сайын өнім түрлерінің алуандылығы мен сапасын арттыру және жаңа бастамаларды жүзеге асыруда оң нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз,- дейді кәсіпкер Олег Хатамов. Компания қажетті жабдықтарды Түркия елінен алдыртқан. Қазіргі таңда мозайканың 100 түрін шығарады. Мозайканы жасау шыныдан басталады. Алдымен шыны сынықтары сұрыпталады және үгітіледі. Ұнтақ өндіріс цехына жіберіледі. Міне, осы цехта мозайкаларға пішін беріліп, боялады, күйдіріледі. Компанияның басты тұтынушылары өз еліміз. Кейде тапсырыспен Қызғызстан, Ресейге жібереді.
Кәсіпкер 2019 жылы өндіріс орнына заманауи құрал-жабдықтар сатып алу үшін екінші деңгейлі банктен 14,25% несие алып, оның 7,13% «Даму» қоры субсидиялайды. Сонымен қатар, жеткіліксіз кепілзат орнына қор өз кепілдігін берген.