Сапалы аяқ киім Шымкентте де бар

Oinet.kz 17-10-2022 312

image.png

Кәсіпке бейім келетін шымкенттіктер бүгінгі күні тұрмысқа қажетті заттар, медициналық бұйымдар, жиһазға дейін өндіріп келеді. Қыз-келіншектер, ерлерге және балаларға арналған киім тігетін фабрикалар да жетерлік. Шымкентте тіпті аяқ киім тігілуде. 

 Үшінші мегаполисте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында «LUX Shoes» БК» ЖШС табиғи былғарыдан аяқ киім шығаратын фабрика жұмыс істейді. Аяқ киім ісінің шебері Ғайрат Хасанбаев әуелі аяқ киім сату бизнесімен айналысты. Қала базарларында аяқ киім сату бойынша 15 жыл тәжірибесі бар. Содан сон аяқ киім өндірісін іске қосу керек деген шешімге келді. Бастаған ісі табысты жүргендіктен, өз брендін тіркеп, оған патент алады. 

«Lux Shoes» -дің өндіріс қуаты жылына 120 мың жұп аяқ киім. Аяқ киімнің барлық үлгілері табиғи былғарыдан жасалған, қажетті қасиеттерге ие: жылуды жақсы сақтайды, бу және ылғал өткізбейді, тердің әсеріне төзімді, жақсы сіңеді және артық ылғал береді.  Аяқ киім өндіру кезінде түрік үлгілері қолданылғанымен, модельдер сол жерде жасалады. Сонымен қатар, «Lux Shoes» брендінің аяқ киімі түрік аналогтарынан арзан. 

Кәсіпорында «FANTES» және «COMELZ» маркалы түрік жабдығы орнатылған. «LUX Shoes» БК» ЖШС фабрикаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларды несиелеудің мемлекеттік бағдарламасының бірінші қатысушысы болды. Бағдарлама аясында жобаны «АТФ Банк» АҚ 15% - бен қаржыландырды. 9 %-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Қалған 6 пайызы несиені пайдаланғаны үшін кәсіпкердің өзі төлейді. 

Кәсіпорынның маңызды мақсаттарының бірі – Орта Азия елдерінде өнімді өткізу нарығында үздік шығу. Сондай-ақ, Қазақстанның ең үздік бәсекеге қабілетті кәсіпорындарының қатарына кіруді мақсат етіп отыр.

Айта кетейік,  өткен жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік» АЭА Басқарушы компаниясы жалпы инвестиция көлемі 28,4 миллиард теңгені құрайтын 12 жоба тартты. Бұл жобалардың аясында 2000-нан астам жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 2022-2024 жылдар аралығында құны 62,01 миллиард теңгені құрайтын 22 жоба іске асырылып, 3000-нан астам жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.


Үшінші мегаполисте ортопедиялық жабдықтар өндіріледі
Еліміздегі мозаика өндіретін жалғыз кәсіпорын Шымқалада
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу