Үшінші мегаполисте ортопедиялық жабдықтар өндіріледі
Шымкентте қарапайым заттар мен қатар ерекше әрі қазжетті заттар шығаратын кәсіпорындар бар. Солардың бірі Оңтүстік Корея технологиясымен жұмыс істейтін «Marai E7 Group» ЖШС баламасы жоқ өнімдерімен танымал. Зауыт халықаралық стандарттарға сай келетін 17 медициналық бұйым өндіреді. Қазіргі таңда отандық ортопедиялық жабдықтардың бағасы басқа өндірушілерден қарағанда әлдеқайда төмен. Кәсіпорын жылына 500 000 таңғыш пен 274 000 ортопедиялық заттар шығарады.
Өнімнің бұл түрі әртүрлі сынықтарға қолданылады және оның жеңілдігімен, икемділігімен және тез қатаюымен ерекшеленеді. Таңғыш жасалған материалына қарай жұмсақ және қатты болып бөлінеді.
Қолдану мақсатына қарай:
-Қорғайтын таңғыш болады – ол жараны инфекция түсуден қорғайды.
-Қысатын таңғыш – қан тоқтату үшін дененің бір жеріне қысым жасайды.
-Қозғалтпайтын таңғыш- иммобилизациялайтын- сынықты не шыққан буынды қозғалтпай науқасты тасымалдау, емдеу кезінде пайдаланады.
-Ауа жібермейтін – окклюзиялық таңғыш- плевра қуысы жарақаттанған кезде салынады. -Коррекциялайтын-түзейтін таңғыш- дененің дұрыс емес біткен жерлерін түзейді, мыс, гипс жаға мойны қисық болып туған балаға салынады.
-Тартатын, созатын таңғыш- сынықты емдеуде қолданылады. Таңғыш ретінде дәкеден істелген бинт, мақта, эластик бинт, торлы-түтікше бинт, мақта-мата материалын қолданады. Материал ретінде – ағаш, гипс, металл, пластмасса, клей т.б. қолданады.
Эпидемиологиялық ахуал өршіген кезде кәсіпорынға «Даму» Қоры қолдау көрсетіп, бизнесінің әрі қарай өркендеуіне жол ашты. Кәсіпкер екінші деңгейлі банктен 14,95% несие рәсімдеп, 8,95% «Даму» қоры субсидиялады.
Бүгінгі таңда «Marai E7 Group» компаниясының өнімдері аллергия тудырмайтын, ылғалданбайтын, ісінбейтін және рентгендік диагностикаға кедергі келтірмейтін сапалы өнімдерімен сұранысқа ие.
Айта кетейік, егер сіз микро-шағын кәсіпкерлік субъекті санатына жатсаңыз және бизнес-жобаңызды жүзеге асыруға 20 миллион теңгеге дейін қаржы қажет болса, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында қолдау ала аласыз. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жылына 6 пайызбен (субсидия есебінен) несие алып, банк талап еткен кепіл затыңыз жетпеген кезде «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланыңыз.