«Аlem luxury» жұмысын бастады

Oinet.kz 10-10-2022 274

image.png

Миллионна аса халқы бар Шымкент қаласы қазіргі таңда ірі өндіруші шаһардың біріне айналып келеді. Мұндағы индустриалды аймақтар  мен АЭА қала экономикасының дамуына зор үлес қосуда. Шын мәнінде индустриялды және арнайы экономикалық аймақтар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер болып саналады.Бүгінгі таңда қала аумағында «Оңтүстік» пен «Тассай» индустриялды аймақтарының аумағы 426 гектарды құрайды. Қазіргі таңда ИА аумағы 100 пайызға толған. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Аlem luxury» ЖШС-нің құрылысы жуырда аяқталған болатын. Жиһаз өндіруге бағытталған фабрика жылына 5 мың өнім өндіруге әлеуеті бар. Жобаны жүзеге асыруға 500 миллион теңге тартылған. Жиһаздың түр-түрін жасайтын кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қолдау көрсетілген.  Кәсіпорын сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйесіне сай, заманауи дизайн сертификаттарымен расталған өнім шығарады.

 Жалпы шымкенттік кәсіпкерлер сапалы, тіпті Беларусь елінің  жиһаздарымен бәсекелес бола алатын өнімдерді шығара алатынын дәлелдеп берді. Қазіргі таңда жергілікті жиһаз өнімдері ішкі нарықты айтпағанда бірқатар шет мемлекеттерге экспортталуда.    Жиһаз кәсіпорындарының өсуі бойынша өңірлер арасында Шымкент қаласы көш бастап тұр,мұнда 400-ден астам кәсіпорын бар. 

Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған маңызды сала болып табылады. Бүгінде қазақстандық нарықта осы бағытта 800-ден астам өндіріс ошағы жұмыс істейді. Соңғы 6 жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 1,6 есе артты дейді мамандар. Жалпы, елімізде тұрғын үй құрылысы жылдан жылға белсенді жүргізілуіне байланысты жиһаз өнімдеріне деген сұраныс та жоғары болып отыр. Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жиһаз өнімдерінің өндіріс көлемі 16,4 миллиард теңге болған.

Жеңілдіктерге ие болған компания
Жиһаз жасау кәсібін ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу