Жиһаз жасау кәсібін ашты

Oinet.kz 10-10-2022 253

Screenshot_2.png

Бүгінде кәсіп ашу жұмыссыздықпен күрестің басты құралына айналып отыр.  Өйткені барлығына мемлекеттік мекемеден жұмыс тауып беру мүмкін емес. Әрі кәсіп ашу жұмыссыздықты азайтумен қатар қаланың экономикасының дамуына да ықпал етеді.  Сол себепті кәсіп ашамын, бизнес бастаймын дейтін азаматтарға қолдау көп.  Мұндай шаралар жоғарыда аталған ұлттық жобада да қарастырылған. Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша биыл қалада 3050 адамға қолдау көрсетілмек. Оның 1 900 «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту көзделген. 

Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжазира Рысқұлова мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланған кәсіпкерлердің бірі. Былтырғы жылдың шілде айында 21 күндік «Бизнес бастау» оқу курсын аяқтап, сертификат алған соң, «Жиһаз жасау ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынды. Нәтижесінде, жобасы мақұлданып 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грантқа ие болған.

Бөлінген қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын сатып алып, қазіргі таңда тапсырысқа түрлі үлгіде жиһаздар жасауда. Айтуынша сұраныс көп. Төрт баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта жиһаз шеберханасын дамытуды жоспарлап отыр. «Өзім төрт баланың анасымын. Мақсатым өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, оларды еңбек пен кәсіпке баулығым келеді. Ол үшін әуелі біз-ата аналар үлгі көрсетуіміз керек. Сондықтан да мен қазіргі жетістігіммен шектелмей, алдағы уақытта шағын шеберханамды әрмен қарай дамытуды жоспарлап отырмыз», - дейді кейіпкеріміз.

Жалпы, былтырғы жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. «Бастау бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, білім алған. Мемлекеттік қолдау биыл да қарқынды жүзеге асырылуда. Биыл 600 адам грантқа ие болып, 1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.

«Аlem luxury» жұмысын бастады
Сүйікті ісін кәсіпке айналдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу