Жеңілдіктерге ие болған компания

Oinet.kz 10-10-2022 258

image.png

Ел экономикасын алға сүйрейтін кәсіпкерлікті дамыту басты міндет. Бұл салаға мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп, түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Айталық 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы талай кәсіпорынды аяқтан тұрғызды. Солардың бірі Шымкент қаласындағы “Оңтүстік”арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан “BAIKRA” компаниясы. Аталмыш кәсіпорын  гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіреді.  

Зауыттың жобалық құны 380 миллион теңгені құрайды. Жоспарланған жылдық өндіріс көлемі-2200 тонна өнім. Яғни 1800 тонна дәретхана қағазы және 415 тонна қағаз майлықтар. Кәсіпорын аясында 25 жұмыс орны құрылған. Кәсіпорынның ашылуына Өзбекстанның инвесторлары себеп болды. 

«Инвесторларға бірқатар жеңілдіктер жасалды. Атап айтқанда арнайы экономикалық аймақтан жер телімі берілді және бірнеше салықтан босатылды. KAZAKH INVEST өз кезегінде кәсіпкерлерге, инвесторларға көптеген мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді ұсынып келеді»,- дейді «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша Өңірлік директоры Досхан Иманбеков.  

Қазіргі таңда дайын өнімдер ішкі нарыққа жөнелтілуде. Алдағы уақытта өнімдерін шетелге (оның ішінде Өзбекстан) экспорттауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ компания басшылығы орама майлықтар мен ас үйге арналған майлықтарды шығаруға ниеттеніп отыр. 

 Айта кетейік,  өткен жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік» АЭА Басқарушы компаниясы жалпы инвестиция көлемі 28,4 миллиард теңгені құрайтын 12 жоба тартты. Бұл жобалардың аясында 2000-нан астам жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 2022-2024 жылдар аралығында құны 62,01 миллиард теңгені құрайтын 22 жоба іске асырылып, 3000-нан астам жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Ерекше кәсіп бастады
«Аlem luxury» жұмысын бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу