Былтыр «Таза қала» акциясы аясында 2 мың тал егілген

Oinet.kz 10-10-2022 303

image.png

Елімізде 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленгені мәлім. «Менің тапсырмаммен 2 миллиард түп ағаш отырғызылады. Бұл азаматтарымыздың тарапынан кең қолдау тапқан бастама болды. Жалпы, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Қоршаған ортаға ешқандай оң әсері жоқ, қаражатты құр игеруді көздейтін жасанды шараларға жол бермеу қажет. Сондықтан ағаш отырғызуға лайықты орындарды анықтау үшін ғалымдармен және жұртшылықпен бірлесіп, кәсіби талдау жүргізген жөн. Қоғамдық бақылау құралы ретінде интерактивті карта дайындау қажет. Сол арқылы экология саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен тиімділігін қадағалауға болады», - деген Президент Қ.Тоқаев аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған болатын. 

Экологияны жақсартып, айналаны көгалдандыруға шыменттік тұрғындар да өз үлестерін қосып жүр. Мұны «Таза қала» акциясына қатысшулырдың саны  жыл сайын артып отырғандығынан байқауға болады. Шаһарды көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған  «Таза қала» акциясының қорытындылануына аз уақыт қалды. Шымкентте комиссияның соңғы отырысы өтті. Жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру мен көріктендіруді мақсат тұтқан акцияға өтініш білдіргендер былтырғыдан көп. Мәселен бір ғана «Үздік көше» номинациясына 4 ауданнан 318 ұсыныс түскен. 

Акция 5 номинация бойынша өткізілген: «Үздік аула», «үздік көше», «үздік үй», «үздік аула тазалаушы», «үздік тұрғын үй алабын» анықтады. Науқан 10 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы ерекшелік бір аудан тек бір номинация бойынша қатыса алады. Бұған дейін аудандар бірнеше номинация бойынша да қатыса беретін. Сонымен қатар, биылғы ерекшелік – сыйлық ретінде техника қарастырылған. Теледидар, смартфон беріледі. Былтырғы жылғы акция кезінде 120 адам қатысыпты, оның 90-на арнайы сыйлықтар табысталған. 

«Жыл сайын акцияға  қтысушылардың санының аруы қаламыздың экологисына жанашырлардың көбеюі деп білеміз. Жалпы акция Президентіміз айтқан «Жасыл Қазақстан» жобасы  бойынша ұйымдастырылуда. Өткен жылы осы акцияның нәтижесінде 4 аудан бойынша  2 мың тал егілді»,- дейді Шымкент қалалық «Азаматтық альянсының» атқарушы директоры Юсуп Арзыханов. 

Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт жұмысын бастады
Атына заты сай қала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу