Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт жұмысын бастады

Oinet.kz 21-10-2022 323

image.png

Шымкентте алюминий құты шығаратын зауыттың қызыл лентасы қиылды. Салтанатты шараға Қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Қазақстан республикасының индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты. Қазіргі таңда зауыт АҚШ-та өндірілген жоғары технологиялық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Ауданы 20 000 шаршы метрді құрайтын өндіріс орны жылына 600 миллион алюмин құтысын шығарады деп жоспарланған., Сондай-ақ 250 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. 

«QazAlPack» серіктестігінің жобасы Халық банк» және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Салтанатты шараға қатысқан қала басшысы  жаңа өндіріс ошағы қала экономикасының өркендеуіне орасаң үлес қосатынына сенім білдірді. Ол жыл сайын ауқымды жобалардың есебінен қала бюджеті ұлғайып жатқанын жеткізді. Сөзінше 2025 жылы шаһар бюджеті 1 триллион теңге болмақ.  Бұл мақсатта кәсіпкерлерге түрлі қолдау көрсетіледі. 

«Осыдан 2 жыл бұрын 230-ақ миллиард теңге инвестиция тартылған. Бүгінгі күнде қалаға 580 миллиард теңге инвестиция тартылып отыр. Ендігі жылы 770 миллиард теңге инвестиция тарту бойынша жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті. 2025 жылы Шымкент қаласына 1 триллион теңгеге инвестиция тартылатын  болады. Осының барлығы мемлекеттік бағдарламалардың көмегінің арқасында қол жеткізіліп отыр. Бүгін жұмысын бастағалы тұрған кәсіпорынның басшысы секілді азаматтар заманауи өндірісті Шымкент қаласында өңдеуге алып келіп жатса біз әрмен қарай бұл өнімге қолдау көрсете береміз»,- деді өз сөзінде шаһар басшысы М.Дүйсенбенкұлы.  

Алюмин құты шыңғаратын зауыт «Оңтүстік индустриалды аймағында» орналасқан. «QazAlPack» серіктесігі  сыра, шырын, газдалған және газдалмаған әлсіз алкогольді және алкогольсіз сусындарды құюға арналған түрлі көлемдегі, қақпағы оңай ашылатын алюминий банкілерін шығарады. Кәсіпорын Қазақстан нарығының 80 пайызын қамтуды мақсат етіп отыр. Зауыт басшысы қажетті шикізатты Қытай мен Ресей елдерінен жеткізетінін айтты. 

Айта өтейік, зауыт АҚШ-та өндірілген жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жоба құны 23 миллиард теңге. Кәсіпорын орта азиядағы алғашқы алюминий құты өндіретін зауыт болып табылады. 

Қолдау тапқан жобалар көп
Былтыр «Таза қала» акциясы аясында 2 мың тал егілген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу