Қолдау тапқан жобалар көп
Шымкентте қазір жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты саны –95,5 мың. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда әжеп-тәуір көп дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.
Басқарма басшысының айтуы бойынша «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылға 9,4 миллиард теңге бөлінген. Оның 6,5 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, ал 2,7 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда, 2 760 жобаға 5,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетіліпті. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға ең алдымен қаржылық қолдау берік негіз болатыны түсінікті. Сондықтанда аталған жобалардың ішінде банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 840 жобаға 4,5 миллиард теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 886 жобаға 1,2 миллиард теңге; мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 34 жобаға 170,0 миллион теңгеге қолдау көрсетілген.
Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде қала бойынша биылғы жылға 3,9 миллиард теңге бөлінген. Оның 3,7 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 0,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда 81 жобаға 3,5 миллиард теңгеге қолдау көрсетілген. Оның ішінде:
- банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 77 жобаға 3,2 миллиард теңге;
- банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 4 жобаға 300 миллион теңге қолдау көрсетілген.
Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 1,5 миллиард теңге бөлінген. «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 1,3 миллиард теңгеге 129 жобаға шағын несиелер беріліпті. Несиелердің басым бөлігі сауда және қызмет көрсету салаларында дейді Береке Талғатұлы.
Сонымен қатар «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы шеңберінде 944 миллион теңге бөлінген. Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1%-бен 10 миллион теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2%-бен 50 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсыну. Бүгінгі таңда, жыл басынан 333 миллион теңгеге 37 жобаға жеңілдетілген несиелер берілген.