Жан-жақты қолдау көрген кәсіпорын

Oinet.kz 20-10-2022 363

image.png

Шымкентте мұнаралы крандар мен лифт шығаратын «Кaspy service» компаниясына бар. Құрылысы 2021 жылы басталған зауыт ағымдағы жылдың ортасына дейін аяқталып, іске қосылады деп күтілуде. Кәсіпорын жылына 10 бірлік өнім шығарады. Жалпы жоба құны 750 миллион теңгені құрайды. Пайдалануға берілсе, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.  Іске қосылғалы тұрған кәсіпорынға 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймақтан жер бөлінген. 

Аталған бағдарламаның игілігін көрген келесі мекеме «Экофарм интернейшнл» ЖШС. Биыл  «Тассай» индустриялық аймағында қала күні мерекесі қарсаңында ашылған  медициналық жабдықтар мен жеке қорғаныш құралдарын, атап айтқанда арнайы киімдер мен бетперде және обаға қарсы жиынтықтар  шығаратын цех «Эко-Фарм» ЖШС-ға қарасты. Бүгінгі таңда «Тассай» индустриалды аймағында жалпы инвестициялық сомасы шамасымен 45 миллиард теңге құрайтын 37 жоба жүзеге асырылуда. Ал аталған жоба қаланың экономикалық өркендеуі мен медициналық бұйым өндірісі саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен серпін бергені рас. 3,4 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан 1,25 гектар жер телімін ұзақ мерзімге жалға алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған. Жаңадан ашылған бұл өндірісте еңбек нарығы үшін  150 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрін, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығаруға мүмкіндігі бар. 

  Үшінші мегаполис бүгінде фармацевтика өндірісінің орталығына айналып келе жатқандығы қуантады.

Тәуелсіздік белестері
Береке ДҮЙСЕБЕКОВ: Әрекет етіп жатқан кәсіпкерлеріміз баршылық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу