Тәуелсіздік белестері

Oinet.kz 16-10-2022 270

image.png

Шымкент қаласы – рес­пуб­ли­каның ірі өнеркәсіптік орталық­тары­ның бірі. Бүгінде өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорындар белсенді жұмыс жасауда. Тәуелсіздік алғаннан бері Шымкент қаласының өнеркәсібі – экономик­а­ның негiзiн қалайтын және айқындайтын секторлардың бiріне айналды. Өткен жылдың өзінде өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнімнің төрттен бірін құрады.

Алғашқы тәуелсіздік жылдары қаладағы өнеркәсіп орнымен 9,9 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, биылғы жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2 пайызды құраған. 

Сондай-ақ тәуелсіздік алғалы бері Шым­к­ентке 2,5 триллион теңге инвестиция тартылған. Қазір қала аумағында 2,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 17 шетелдік инвес­тициялық жоба іске асырылды. Соңғы екі бесжылдықта 184 миллиард тең­геге 105 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, онда 7,5 мыңнан астам жаңа жұ­мыс орны құрылған.

Қаланың инвестициялық тар­тым­ды­лығын арттыру, шағын және орта биз­несті дамыту үшін кәсіпкерлерге және ин­весторларға қолайлы жағдай жасау мақса­тында елімізде алғашқы болып үшінші мега­полисте «Оңтүстік» және «Тассай» индус­триялық аймақтары мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылып, тиімді жұмыс жасауда.

1991 жылы Шымкент қаласында 6 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болса, онда жұмыспен қамтылғандар саны 35 мың адамды құраған. Тәуелсіздіктің 30 жы­лында шағын және орта кәсіпкерлік сала­сындағы көрсеткіш бүгінде 7 есе өсіп, олардың саны 70 мыңға, ал онда жұмыспен қам­тыл­ғандар қатары 164 мыңға толыққан. Қалада өндірілген өнім­нің жалпы көлеміндегі жеңіл өнер­кәсіптің үлесі 3,9 пайызды қам­тыса, республикадағы жеңіл өнер­кәсіптің үлесі 20,7 пайызды құ­райды. Шымкент қаласының же­ңіл өнеркәсібін тоқыма бұ­йым­дарын, киім-кешек, был­ғары және оған жататын өнім­дер өндіретін кәсіпорындар ұсы­нады. Қазіргі уақытта тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін шығару бағытында «Оңтүстік» АЭА жұмыс істейді. Аймақтың инвес­тициялық портфелі жалпы құны 86,1 млрд теңге болатын 44 жо­бадан тұрады. 

Қазіргі таң­да қалада  689 кәсіпорын белсенді жұ­мыс істейді. Оның ішінде 24 ірі және 49 орта кәсіпорын бар. Өнеркәсіп саласында 32 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

«Қазмедприбор»-дың өнімдеріне сұраныс көп
Жан-жақты қолдау көрген кәсіпорын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу