Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ: Әр зауыт өнімін экспортқа шығаруы керек

Oinet.kz 21-10-2022 387

image.png

Шымкент – кәсіпкерлік пен іскерліктің орталығына айналып келеді. Бұған  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үшінші мегаполиске жасаған сапары барысында көз жетізді.  Ведомство басшысы  қаладағы  белсенді жұмыс істеп тұрған «Тассай» индустриалды аймағына аялдады. Онда заманауи мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен кеңсе жиһаздарын шығаратын еліміздегі ең ірі «Mega Smart B2B» ЖШС зауытының жұмысымен танысты. Фабрика жұмысшылары жаңа технологияның көмегімен жұмысы жеңілдегенін айтты. 

Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорында тағы бір нысан іске қосылмақ. Өз кезегінде бұл 100 жаңа жұмыс орнын ашып, жылына 120 мың дана жиһаз шығаруға мүмкіндік бермек.

Осы ретте айта кетерлігі, қазіргі күнде Шымкент қаласында «Тассай», «Оңтүстік» және «Сауда-логистикалық аймақ» индустриялық аймақтары жұмыс істейді. Сонымен қатар өңірде «Жұлдыз» жаңа индустриялық аймағы ашылды. Жуырда «Бозарық» агро-индустриялық аймағын ашу жоспарланып отыр.

Жалпы аумағы 89 гектарды құрайтын «Тассай» индустриялық аймағы 2016 жылы құрылған. Оның инфрақұрылымының құрылысына 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Аймақта 40 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Тартылған инвестиция көлемі 47,9 млрд теңгені құрайды. 2 мың 600 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде «Тассай» индустриялық аймағы 100 пайызға қамтылған. Қазіргі күнге дейін жалпы сомасы 35 млрд теңгені құрайтын 22 жоба іске асырылып, 1 625 жаңа жұмыс орны құрылды. 2022 жылы 935 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін тағы 9 жобаны іске қосу көзделіп отыр.

2016 жылдан бері индустриялық аймақ қатысушылары 6,5 миллиард  теңгеге жуық салық төлеген.

Жалпы Шымкенттегі Индустриалдық аймақтағы өндіріс ошақтары мемлекеттік қолдау аясында іске қосылған. Ведомства басшысы орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қаржылай көмек бар екенін айтты. Биыл 158 жоба жүзеге асыру көзделсе оның 58-і іске қосылған. «Қазақстан бойынша 36,4 миллиард долларға біздің сала бойынша өнім енгіземіз. Әр ашылған зауыт мен өнімді экспортқа шығарамын деп жұмыс істеуі керек. Біз осы бағытты қолдап, мемлекеттік бағдараламалр аясында кәсіпкерлерге көмек беріп отырмыз»,- дейді министр. 

Министр «Тассай» индустриалды аймағын аралады
Медициналық зертхана жабдығын өндіретін зауыт ашылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу