Тоқтап тұрған кәсіпорындарға «жан бітті»
Қазір біздің елімізде бизнестің дамудың бұрын – соңды боллмаған қолайлы ахуалы туып отыр. Бұған аталмыш салаға мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөліп отыруы сол арқылы республикадағы банктердің оны қаржыландыруды жақсы жолға қоюы тікелей мұрындық болуда.
Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлік соңғы жылдары айтарлықтай дамуда. Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Дербіс «Іскер қала» шағын және орта бизнесті дамытудың өңірлік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында республикада алғаш рет әкімдік тарапынан «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттарымен ерекшеліктері шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелендіру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру болып табылады.
«Тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдарын шағын кәсіпорындармен толтыру арқылы шағын бизнестің жаңа жобалары жүзеге асырылады, нәтижесінде бірнеше тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдары жанданады. Аталған бағдарлама аясында жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 % 10 млн теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2 % 50 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсыну. Бүгінгі таңда, жыл басынан 333 миллион теңгеге 37 жобаға жеңілдетілген несиелер берілді», -деді спикер.
«Іскер қала» өңірлік бағдарламасы шеңберінде қаламызда бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған ірі кәсіпорын «Трубмашхолдинг» ЖШС-нің базасында 2022 жылы алғашқы өндірістік парк ретінде «Silkway Alliance» алаңы пилоттық жоба ретінде іске асырылды. Қазіргі таңда инфрақұрылымымен толық жабдықталған, бірақ жұмысы тоқтап тұрған «Қайнар май» ЖШС ірі кәсіпорынының базасында тағы да жаңа өндірістік парктің дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 4,3 гектар, ал, өндірістік алаңы 10 мың 500 ш.м. құрайтын өндірістік паркте 48 шағын кәсіпорынның жұмысын іске асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, қаламыздағы бұрынғы қорғасын зауытының аумағында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында республикада алғашқы болып «Standard» жеке индустриялық аймағының құрылысы жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдарға жоспарланған.