«Карлскронаның» жоспары ауқымды

Oinet.kz 14-10-2022 452

image.png 

Президенттің Жолдауын іске асыру аясында қаладағы «Карлскрона» ЖШС кәсіпорнының ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны АМАНАТ партиясының Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырды.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев, Наргиза Керімбаева Мемлекет басшысының Жолдауындағы жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістер, жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін көтеру жөніндегі негізгі басымдықтарды атап берді. 

– Мемлекет басшысының Жолдауда жаңа экономикалық бағдарымызды айқындап берді. Жаңадан кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыздық мәселесін шешуде оң бетбұрыстар жасалмақ. Қазіргі таңда жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмысшыларға жағдай жасау, мамандар даярлауға көңіл бөлінуде. Нарықтық кезеңге сәйкес, шығарылған өнімдер де бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Жалпы Жаңа Қазақстанда өндірісті дамытуда бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын, –  Т.Балтабаев. 

«Карлскрона» сорғы жабдықтары мен құбыр арматуралары өндірісі жобасын жүзеге асыруда. Мекеме басшылары бүгінде өндірісті кеңейту жобаларын қолға алған. Кездесуде кәсіпорын жұмысшылары өз ұсыныстарын айтты.

Айта кетейік, «Карлскрона» сорғыш шығаратын зауыты 2016 жылы «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» номинациясы бойынша марапатталған болатын. Ірі кәсіпорын алдыңғы қатарлы неміс компанияларының технологиялары мен жабдықтарын қолданады. Зауытта көкөніс-бақша дақылдарының көшеттерін өңделген және ашық топыраққа отырғызу бойынша аспалы екі қатарлы көшет отырғызу машинасының конструкциясын енгізу және көбейту жобасы іске асырылуда. Онда отандық РПМ-2kz үлгісі қолданылып жатыр. Жобаның мақсаты – қаладағы агроөнеркәсіптік кешендердегі фермерлік шаруашылықтарды іске асыру үшін РПМ-2kz үлгісіндегі көшет отырғызу машинасының өнеркәсіптік үлгілерін және шағын сериялы өндірісін құру арқылы көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі мен түсімділігін арттыру. Көкөніс шаруашылығында көшет отырғызу машинасын енгізу және дамыту нәтижесінде көкөніс-бақша шаруашылығында еңбек өнімділігі 2,5-3 есеге артады. Егіс алаңы екі есе ұлғайып, 4-5 мың га жетеді деп күтілуде. Бұл машина  егіс егу және отырғызу бойынша ауыл шаруашылық машиналарына сұранысты арттыруға, техникаларды импорттауды алмастыруға мүмкіндік береді.

Тоқтап тұрған кәсіпорындарға «жан бітті»
Мыңнан астам жаңа кәсіпорындар ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу