Кәсіпте нәсіп бар

Oinet.kz 12-10-2022 364

image.png

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 313 200-ден астам халық тұрады. Аудан бюджеті 2017 жылдан бері 11 есеге ұлғайып, 17,5 млрд  теңгеден 78,5 миллиард теңгеге өскен.  Бұл туралы аудан әкімі Досбол Есілбек шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кезекті есепті кездесуі кезінде мәлімдеді.  Негізгі қаржы көзі - ауыл шаруашылығы мен орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері боп табылады. 

Қазіргі таңда ауданда 3 өндірістік аймақ жұмыс істейді. Атап айтқанда, “Оңтүстік”, “Ордабасы” индустриалды және “Оңтүстік” экономикалық аймақтары бар. Ал жаңадан салынып жатқан “Жұлдыз” экономикалық аймағына инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде. Бұл аймақта 200 млрд теңгеге 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. 5 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылады. Өткен жылы құрылған аймақта 608 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 5,8 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң бұл жерден 60 ірі заманауи кәсіпорын ашу жоспарланғанын жеткізді. “Осының нәтижесінде 100 миллиард теңге инвестиция тартылып, 3000 жұмыс орны ашылатын болады”-деді Д. Есілбек.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлік нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі деп айтуға болады. Оған жылдамдық, икемділік және жоғарғы тиімділік сипаттары сәйкес келеді. Осы және басқада артықшылықтарды  ұлттық экономиканы дамытудың қозғаушысы ретінде саналады. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік сферасында миллионнан астам адамдар жұмыс істеуде, дегенмен шағын және орта кәсіпкерліктің құрылуы мен өсуі жөніндегі мәселелерді одан әрі оқып білуді талап етеді. 

Қаратауда 2 индустриалды аймақ ашылады
Жаңа гүлзар ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу