Қошқар ата - туристердің сүйікті орны
Шымкентте туристерді қызықтыратын нысандар көп. Солардың бірі, тіпті бірегейі Қошқар ата өзені. Суы шипалы болып табылатын Қошқарата өзенінің қайнар көзі мен абаттандырылған жағасы да өзгеше гүлзарлы алқап.
Ел аузында сақталып қалған аңыздарға қарағанда, Қошқар ата әулие Қаратау өңірінде дүниеге келген. Оның өмір сүрген уақтысы XI ғасыр деген деректер бар. Азан шақырып қойған есімі – Қылыш. Төртінші атасы Арқар деген асқан батыр адам болған екен. Сол «сен енді Арқардай бола алмассың, қошқардай бол» деп жанама ат қойыпты. Қошқара өзені өзінің бастауын Қазығұрт тауының төменгі тұсынан алады. Қошқара ата өзенінің бойында бүгінден көптеген мәдени іс-шаралар өтеді. Соның бірі Наурыз тойында ұйымдастырылатын «Қошқарата сейілін» айтуға болады.
Осы күндері жаңарып жатқан қаладағы көшелер мен соңғы кездері заманауи үлгіде салынған әсем ғимараттар да, басқа қалаларда кездесе бермейтін жүз түрлі дарағы бар Дендросаябақ, жасыл желекке оранған «Наурыз алаңы», ерекше монументтермен әрленген «Тәуелсіздік бағы» сияқты орындар да туристердің көзін тартып, көңілін аударатыны даусыз.