Шымкенттің өз энциклопедиясы болады
Туристік әлеуеті зор, сонымен бірге Қазақстандағы тарихи туризмнің орталығына айналып отырған Шымкенттің өз энциклопедиясы шығады. Қала әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққалы отырған кітап авторы – Момбек Әбдәкімұлы.
«Шымкент қаласының тарихы неден басталады? Және осындай үлкен қала боп қай уақыттан бері қалыптасты деген сұрақ көптің көкейінде жүргені кәміл. Сондықтан да мен Шымкент қаласының энциклопедиясы деген танымдық кітап шығармақшымын. Онда Шымкенттің 2000 жылдық тарихы, 1917 жылдан кейінгі құжатқа түскен документтер бойынша түрлі деректер, жалпы өндіріс орындары, тұлғалар жайында, мәдениет жалпы құрылыс, бүгінгі дәрежесіне қалай жетті? Соның барлығы қысқаша түрде жазылады,-дейді М.Әбдәкімұлы.
- Жылда Шымкент қаласының күні атап өтіледі. Сол кезде біз кімге не береміз? Не сыйлаймыз деп бас қатырамыз. Сондықтан бұл дүние менің ойымша ешқашан ескірмейтін актуалдығын жоғалтпайтын нәрселер болса ішінде. Бұл жобаны Шыңғыс Мұқан ұсынатын болды, біз мәслихат тарапынан қолдап, ақшаны бөліп береміз. Оның еш қиындығы жоқ,-дейді Шымкент қаласының мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов.
600 беттік энциклопедия алғашында 1500 данамен шығарылады деп жоспарлануда. Автордың айтуынша кітап «Алматы» баспасында басылады.