«Ескі қалашық» қашан салынған?
Бүгінде туристік нысанға айналып жатқан Шымкенттегі «Ескі қалашық» Шымкентті Бұқар хандығы жаулап кезде, яғни ХVI ғасырда салынған. Ол ғасырда Шымкент бірде Қазақ хандығының, бірде Бұқар әмірлігінің қол астына өтіп тұрған. Кейін Шымкент қазақтарға түпкілікті өткен кезде бұл қамалда жергілікті ұлттан шыққан қала билеушілері отырған. Қамал ішінде қала билеушісінің резиденциясы, бай-шонжарлардың үйлері, бірнеше керуен сарай, кіші-гірім сауда, қолөнер орындары болған.
- 1808 жылы күзде Шымкентті Қоқан жаулаған кезде қамал ішіне сол хандықтың даруғалары мен әскері орналасады. 1864 жылы Шымкентті Черняев жаулаған кезде орыс әскері қамалды зеңбірекпен атқылап, шығыс жақ бетін опырып тастайды. Бірақ қамалдың басқа тұстарының қабырғалары ХХ ғасырдың басына дейін сақталып тұрған,-дейді дейді белгілі тарихшы, «Шымкент қаласының тарихы» кітабының авторы Момбек Әбдәкімұлы.
Бүгінде қала әкімі М. Әйтеновтың қолдауымен «Ескі қалашықта» құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бірнеше гектарды алып жатқан қамалдың жаңа құрылысы кез келген адамды өз көрінісімен еліктіріп әкетеді. Оған кірген адамның көз алдына бірден өткен ғасырлардың тұрмысы мен өмір салты келеді. Болашақта осы қамал көптеген туристерді қызықтыратын орынға айналатыны сөзсіз.