Батыс пен шығысты жалғаған шаһар

Oinet.kz 09-11-2021 1120

Screenshot_5.jpg

Бүгінде республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкенттің тарихы 2200 жыл бұрын басталады. Соңғы жылдары қөаланы ңтарихын зерттеу, оны таныту үшін туристік нысандар салу бағытында тың жобалар жүзеге асуда. Қалаға келген туристердің де саны жыл санап артып келеді.   

Ғалымдардың дәлелдеуінше, орта ғасыр кезеңінде  бір ғана Оңтүстік өлкесінде 25 өркениетті қала болған. Солардың қазіргі күндері қоныстары мен аттары сақталып, заманға орайғы қалаға айналып отырғандары  онша көп емес.

- Әлбетте, Шымкент көне заманда Отырар, Сайрам, Сауран секілді  даңқты қала болмағаны анық. Десек те, бір кездері шығыс пен батысты жалғаған Ұлы Жібек жолының керуендері аялдайтын қоныс болған. Солай десек те, оның замандар безбенінде қандай қала болғанын нақты анықтау үшін қазір кең көлемде архологиялық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік жоқ. Себебі, ескі қаланың орнына қазір жаңа құрылыстар түсіп кеткен. Сол құрылыстардың астында қаншама тарихи сырлар жатыр, бірақ қазуға мүмкіндік жоқ,-дейді жуырда «Шымкент тарихы» кітабының авторы, белгілі тарихшы Момбек Әбдәкімұлы.  

Дегенмен Шымкенте соңғы жылдары жүргізілген қазба жұмыстары қаланың жасын бір жарым мың жылға ұзартты. Археологтардың сенсациялық жаңалықтары бүкіл тарихшыларды таң қалдыруда. Шымкенттің тарихын ашу, сол арқылы тарихи туризмджі дамыту бағытындағы жұмыстар жандана түсуде. 

Шымкент - Орталық Азияның қақпасы
​Шымкент атауы қайдан шыққан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу